Ақжолдықтар қорықшылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады

Іле-Алатауы ұлттық қорығында орын алған жан түршігерлік оқиға кезіндегі көптеген адамдардың қаза табуына өткен жылы аңшылық шаруашылықтардағы қорықшыларды қарусыздандыру жағдайы себеп болуы мүмкін – бұл туралы «Ақ жол» партиясының депутаты Меруерт Қазбекова бүгінгі жарияланған депутаттық сауалда айтып өтті. «Аңшылық шаруашылықтардың құрамында көбіне қара­пайым жергілікті тұрғындар еңбек етеді. Олар керек-жарақпен аңшылық шаруашылықтың өз есебінен қамтамасыз етіледі. Егер бұл жабдықтар әдеттегі бұзақылармен күресуге жеткілікті болып жатса, ал дайындалып келген заң бұзушылар барлық тех­никалық құрал-жабдықтар жөнінен, бәрінен бұрын қарулану жағынан, қорықшылардан басым түседі» – деп депутаттық сауалда атап өтілген. Партия атына аңшылық шаруашылықтардан түсіп жатқан хаттарға сәйкес, жағдай былтырғы жылдан бері ушығып отыр. Себебі 2011 жылдың 1 шілдесіндегі Үкіметтің №751 қаулысымен қорықшылардың иір ойықты мылтық пен тапанша ұстауларына тыйым салынған. Нәтижесінде, қылмыстық элементтермен қақтығысып қал­ған жағдайда, аңшылық шаруашылықтардың қызметкерлері, шындығын айтқанда, олардың іс-әрекетін тоқтата алмайды, ал кей кезде өздерін қорғауға қауқарсыз. Бұған жақында ғана Іле-Алатауы ұлттық қорығында болған қайғылы оқиғалар дәлел. Онда 12 кісі жаппай адам өлтіру әрекеттерінің құрбанына айналған болатын. «БАҚ хабарламалары бойынша, Іле-Алатауы қорығындағы құрбан болғандардың көбісі жарып-кесу нәтижесінде өлті­ріл­­ген. Яғни, жақыннан қақтығысу кезінде болған. Бізге ха­бар­ласқан аңшылық шаруашылықтардың пікірінше, бұл қайғылы оқиғада ең алдымен қорықшыларды жақыннан қақтығысу ке­­- зінде барынша тиімді қару саналатын тапаншаларды ұстау құ­қығынан айыру елеулі рөл атқарған», – деп атап өтті М.Қаз­бекова. «Ақ жол» партиясының депутаттары қорықшылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылармен күресті жақсарту мақсатында аңшылық шарушылықтардың иір ойықты мылтық пен тапанша ұстауына салынған тыйымды алып тас­тау, сондай-ақ жалпы алғанда аңшылық шаруашылықтар мен қорық қызметтеріне басқа да керекті көмекті көрсету қажет деп санайды. «Ақ жол» партиясының фракциясы сайлаушылардың өті­ніштері бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметі