Іле-Алатауы ұлттық қорығында орын алған жан түршігерлік оқиға кезіндегі көптеген адамдардың қаза табуына өткен жылы аңшылық шаруашылықтардағы қорықшыларды қарусыздандыру жағдайы себеп болуы мүмкін – бұл туралы «Ақ жол» партиясының депутаты Меруерт Қазбекова бүгінгі жарияланған депутаттық
сауалда айтып өтті.
«Аңшылық шаруашылықтардың құрамында көбіне қарапайым жергілікті тұрғындар еңбек етеді. Олар керек-жарақпен аңшылық шаруашылықтың өз есебінен қамтамасыз етіледі. Егер бұл жабдықтар әдеттегі бұзақылармен күресуге жеткілікті болып жатса, ал дайындалып келген заң бұзушылар барлық техникалық құрал-жабдықтар жөнінен, бәрінен бұрын қарулану жағынан, қорықшылардан басым түседі» – деп депутаттық сауалда атап өтілген.
Партия атына аңшылық шаруашылықтардан түсіп жатқан хаттарға сәйкес, жағдай былтырғы жылдан бері ушығып отыр. Себебі 2011 жылдың 1 шілдесіндегі Үкіметтің №751 қаулысымен қорықшылардың иір ойықты мылтық пен тапанша ұстауларына тыйым салынған.
Нәтижесінде, қылмыстық элементтермен қақтығысып қалған жағдайда, аңшылық шаруашылықтардың қызметкерлері, шындығын айтқанда, олардың іс-әрекетін тоқтата алмайды, ал кей кезде өздерін қорғауға қауқарсыз. Бұған жақында ғана Іле-Алатауы ұлттық қорығында болған қайғылы оқиғалар дәлел. Онда 12 кісі жаппай адам өлтіру әрекеттерінің құрбанына айналған болатын.
«БАҚ хабарламалары бойынша, Іле-Алатауы қорығындағы құрбан болғандардың көбісі жарып-кесу нәтижесінде өлтірілген. Яғни, жақыннан қақтығысу кезінде болған. Бізге хабарласқан аңшылық шаруашылықтардың пікірінше, бұл қайғылы оқиғада ең алдымен қорықшыларды жақыннан қақтығысу ке-
зінде барынша тиімді қару саналатын тапаншаларды ұстау құқығынан айыру елеулі рөл атқарған», – деп атап өтті М.Қазбекова.
«Ақ жол» партиясының депутаттары қорықшылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылармен күресті жақсарту мақсатында аңшылық шарушылықтардың иір ойықты мылтық пен тапанша ұстауына салынған тыйымды алып тастау, сондай-ақ жалпы алғанда аңшылық шаруашылықтар мен қорық қызметтеріне басқа да керекті көмекті көрсету қажет деп санайды.
«Ақ жол» партиясының фракциясы сайлаушылардың өтініштері бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметі