ОРЫСША тәрбиеленгендер ОҢДЫРА МА? Д.Әшімбаев пен Е.Ыдырысовтай мәңгүрттерді Рахман Алшанов, Әбілфайыз Ыдырысовтай ағаларымыз қалай тәрбиелеген?

Орыстандыру саясатының кесірінен, қазақтардың бір бөлігі қазақ тілін ұмытып қалды. Солардың бірі Данияр Әшімбаев—мәңгүрт. Ол өзін «қазақ емеспін, қазақстандықпын»-деп есептейді сұхбаттарында. Рахман Алшанов осындай ұлды қалай тәрбиелеген? Бұл—ұят! Сол Данияр Әшімбаевтың жақын досы Нұрлан Ерімбетов. Ол «Мен қарапайым орыстың жігітімін» деп оттап отыр телеарнадан. Оны естіп кірерге жер таппадым. Бетімді басып үйден шығып кеттім. "Миымды ауыстырмасаңдар, ана тілімді үйрене алмаймын" деген экс-министр Ерланды Ыдырысовты  қалай тәрбиелеген Әбілфайыз Ыдырысов ағамыз? Соларға ұқсаған Жәнібек Сүлеевтің «Свобода Слова» газетіне берген сұхбатын оқып жынданып кете жаздадым. Ол кісінің сандырағына қарағанда, елімізде мемлекеттік тілді толығымен енгізсе, барлық орыс Ресейіне көшіп кетеді, ал қалған қазақтар бірін-бірімен соғысады-мыс."

  Ұлы Даланы мекендеген қазақтың арғы тегі ғұн, сақ, үйсін, қаңлы мен түркештер отбасылық тәрбиеден бастау алатын заңдары туралы деректер табылып, алдыңғы қатарғы елдердің ғалымдарының таңдайын қақтырып отыр, одан кейінгі ғасырларда елдің әлеуметтік-тұрмыстық салттарымен ислам діні үйлесімін тауып адамдар арасындағы қарым-қатынасында ізгілік пен ынтымақ ізін салған. Исі қазақтың Алаш немесе Қазақ деп аталатын бір кісіден таралуы да этнотұтастықты көксеуден туған ұлы шарттылық, ұлы бірлік идеясы деуге толық негіз мол. Сол дәуірде қазақтың әр отбасында ата-бабаларымыз ой-пиғылдың ұрпаққа залалынан сескеніп, жамандықты істемек тұрмақ, ойына кірбің түсірмеу ниетінде «Жеті жарғыны» ойлап тапты. Отбасы мен неке, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты қастерлеу, әділдік заңдары жетілдіріліп, толықтырылған-ды. Қазақ хандығын жасақтаған кемеңгерлер ә дегеннен мықтап ескерген, сахара төсінде судай сапырылысып, мидай араласқан ру-тайпалардың хандық аясындағы ішкі құрылымын жаңаша түзген. Көшпелі ру-тайпалардың таным-түсінігіндегі ең киелі сыйластық пен достық болып табылатын этнотекті негіз етпей тұрып жұртшылықты бір мүддеге жұмылдыру мүмкін емес еді. Ұлт көсемдері ең әуелі бір-бірінің басын қадірлеуді қорқыту-үркітумен емес, анадан табиғи бірге туылатын адамның ой-сезімі, ары мен намысы, ұяты мен ұжданы секілді адамға тән қасиеттерді қадірлеу, қорламау керектігін бәрінен жоғары қойып, әр кез қастер тұтуды санада тәрбиелеуді жолға қоя білген еді. Біліп қана қоймай, күнделікті тұрмыста сол салт-санамен өмір сүрген. Осылай қазақ отбасы тарихының жүріп өткен ізіне зер салсаңыз, өзге халықтардың басынан кешкен эволюциялық өзгерістер мен тауқыметтері ешқандай айырмасы жоқ. Кешегі 70 жылдық қылышынан қаны тамған қызыл империяның атеизмі үстемдік құрған тұста қазақ халқының тілі, мәдениеті жетімсіреп, өгей баланың күнін кешкені баршаға мәлім. Кеңес одағы ыдырап, қазақ елі өз алдына отау тігіп, тәуелсіз мемлекет болғанына да арадан 20 жыл болыпты. Көзін ашқаннан атеистік тәрбие алып өскен әлденеше ұрпақ адал мен харамды, обал мен сауапты, пендешілік пен тақуалықты, ақ пен қараны ажырата алмай өсіп бүгінгі күнге де жетті. Өмір өзі көрсеткендей уақыт өте келе ұлтымыздың күнделікті ұрпақ тәрбиесіне ықпалы күшті ата мен әженің орны ойсырап, отбасы мүшелерінің саны азая түсті. Бұқара халықтың бір-біріне деген құрмет пен ізет, мейірім мен шапағат, бауырмалдық қасиеттері сиреп кеткені жасырын емес. Күн сайын босағасынан жырақта жүріп қоғамдық қауырт жұмыстың әлегімен басын ауыртып, айналасымен орысша тілдесіп, орысша ойлауды ептеп дағдыға айналдырған қазақ анасы шаңырақ астында өз балаларына үйрететін тәлім-тәрбиесі сол шеңберден аспайтындығы бесенеден белгілі. Кеңестік жүйенің отбасы реформасы өз жемісін беріп, әр ата-ана қала тұрмақ, ауыл-аймақтарда, «болашақта орысша білмесең, нан таба алмай аштан өлесің» деп қалыптастырған қағида бойынша балаларын орысша оқытуға тырысты. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар кеше бастаған ауыртпалық, түрлі себептермен орысша тәрбиеленген келін барған үйдің шаруасына еш араласпай дала кезіп, «почему я должна», немесе  «я не виноват» деп әдейі бір-екі баламен ажырасып кететін ауру етек алды. Сүйтіп, қолдан жетімдер мен жесірлерді топырлатып тастадық. Осылай жауапкершіліктің жоқтығынан күл қоқысқа, аялдамаға, дәріхана мен дәретханаға шарананы тастап қашатын дертке айналды. Оның соңы ата-анасын қарттар үйіне апарып тастап, зейнетақысын пайдалану секілді арсыздық жайлады. 1965 жылы ажырасуға үйленгендердің әрбір 100-сі, ұшыраса, 1995 жылы әр үшінші отбасы ажырасатын болған. Бұл—қызыл империяның қазақ отбасына түсірген ащы сызатының бірі ғана. Осылай талай шаңырақтың шырқын бұзған әртүрлі қитұрқы сырттан келген орыстың тәрбиесімен өскендер болды, одан тыс түрлі ағымдағы діни секталар мен қоса экстремистік ұйымдардың іс-әрекеті, шекара дегенді білмейтін электронды бейне ақпарат тарату құралдары билеп төстеуде. Ұрпақ тәрбиесін қолға алмай тұрып, биік шыңды бағындыру арманы бос қиял іспеттес. Оның сыртында теледидардан құдайдың құтты күні қулық-зорлық, ұрлық-қарлық пен әпербақан ұрда жық, арамдықтың сан түрін құлпыртып, «құбылтып» көз алдыңа көлденең тоса берсе, оның әсер-ықпалы болмайды деп ешкім айта алмас. Осылай орысша тәрбие алғандықтың салдарынан өмірге қазақ болып туылғанымен, қазақша өмірбаянын айта алмай менсінбейтіндер қаптап кетті, мемлекеттік қазынасын жымқырып шетел асатындар саны күн санап көбеюде, адамзат табиғатына жат құбылыс бір жыныстылардың отбасын құрып той тойлап жатқандығы, есірткіге әуестік, маскүнемдік, жезөкшелік, суицидты ауыздықтай алмай қылмыстың сан алуан түрі дүниеге келді. «Орыстың тексіз ұлт екенін олардың фамилия таңдауынан аңғарсақ жетіп жатыр, кез келген өзіне ұнаған сөзді фамилия етіп ала береді қызық мәселен, Тараканов, Безног, Коробко, Свори-борщ, Скорпион т.б. Ешқашан шүкіршілік етпейді, тәуба деп қанағат тұтпайды, ар-ұят пен обал-сауапты не екенін түсінбейді, әке-шешесіне «сен» деп жауап береді, қартайғанда керексіз заттай тастап кетеді, «после меня хоть трава не расти» деген принципте өмір сүретін халық»-деп жазды өз күнделігінде француздың данышпаны Вольтер (шын аты Мари Франсуа Аруэ) (1694-1778) жылдары өмір сүрген. Тағы да бір сөзінде «Ресей көп жылдар бойы мәдениет атауының барлығын Еуропадан үйреніп келеді, бірақ олар Еуропалықтардай бола алмайды» деген. «Кавказская пленница» мен «Не бойся я с тобой» кинолары біздің бала кезіміздегі сүйікті фильмдеріміз. Кавказ халықтары сүйген жарын алып қашады, негізі олардың ата-бабаларынан бүгінгі күнге дейін алып қашу өңі түгілі түсіне де кірмеген. Олар ешқашан сүйген жарын алып қашпаған, тек қазаққа тән салт-дәстүр. Өзбектің «Жеті келін» атты киносында, жеті келін бір шаңырақ астында жалғыз ененің айтқанын істеп күн көру өзбек ұлтына жат дүние. Туған інісін келіні ағасы болмаса, үйіне кіргізбейтін сарт, қайдағы жеті келін сыйыспақ, бұл да қазақ ұлтынан ұрланған дүниелер. «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Ирония любви» фильмін көріп намыстан өртеніп кете жаздадық. Басты кейіпкер орысша тәрбие алған Семейлік қарындасымыз Әсел Сағатова түрі келіспеген орыс жігітіне ғашық болып, соңынан жүгіріп жүріп әлекке түседі. Ақыры үйленгелі отырған әдемі қазақтың жігітін тастап, мысық бағатын шешесінің тәрбиесінде өскен орысқа тұрмысқа шығады. Шығармашылық ұжымның айтпағы не? Мөлдір махабаттың күші ме? Онда неге? орыс қызы қазақ жігітіне ғашық болмайды. Қазақ қыздарының санасына өз ұлтына деген менсінбеушілікті құйып отырған жоқ па? Мен ес білгелі осындай Әсел Сағатова секілді мәңгүрт бір ауыз қазақша білмейтін сорлы қазақтың ұл-қызын өз мүддесіне әдемі пайдаланып отыр. Жуырда сол Әсел Сағатова Астанада бір дөкей шенеуніктің баласына тұрмысқа шығып, Қазақстандағы ең бай актриса атаныпты. Ресейлік әріптестеріміз Кремльден астыртын тапсырма алып, Кедендік одақтан кешегі Кеңестік одақты жасаудың амалына біржола бет бұрғандай. Өйткені, олар орашолақ ойлайтын орыстың аузымен опырып сөйлемей, қазақты қазақпен мазақ етуге кіріскен сыңайлы. Ол қазақтар—үшжүз жыл бойы соқалап жүріп орыстың өзі өсірген қазақтар. Аты қазақ, заты-қара орыс. Сондай бір қара орысымыз Болат Аюханов дейтін болып шықты. Мамандығы балет бишісі. Оның айтуына қарағанда «қазақта би болмаған, қазіргі  қазақтың ұлттық биі Чернышеваның Қазақстанға деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде дүниеге келген» деп отыр, шамасы ол Үйсін мемлекетінде бидің отыз түрі болғандығынан, ол кезде орыстар жалаңпұт соқамен жер жыртып жүргендігінен бейхабар, Ресейге балет пен театрды Еуропадан I-Петрдің өзі әкелгендігінен хабарсыз болғандығы. Аюханов үшін бүгінгі көрермен «быдло» мен «хайуан» көрінеді. Нағыз көрермен, өнерді шын түсініп бағалайтын жұрт екінші дүниежүзілік соғыз кезінде қырылып қалыпты деп жұрттың бәрін таңарқатты. Қазастанның мәдениеті—қазақ ұлтының мордасы емес. Ресейде Плисецкая мен Тарковскийді ешкім еврей демейді ғой. Олар біздің кеңестік орыстары. «Мені Ресейде ұлттың тұғырлы тұлғасы деседі, себебі мен орыстың дәстүрлі балет мектебінің шәкіртімін, сол мектептің дәстүрін жалғастырушымын, мен қай елге керекпін, сол ел менің отаным» деп ақыл-есінен айырылған ағамыз есіп отыр. Бұрын-соңды болмаған, атам қазақ естімеген, адам айтса нанғысыз бір дастарқаннан ас жеп отырып, ұйықтаған соң, қасындағы 15 адамды атып тастап өліктерді өртеп жіберген жауыздық, тек орысша тәрбие алған Вячеслав Челахтың ғана қолынан келгендей. Осылай Арқанкергендегі қанды оқиға шекара қызметінің беделіне қала берді қауіпсіздігімізге сын және бізге беймәлім көп жайттан хабардар етті. Өзге елдің Қарулы Күштерінің әскерилері түгелі, лаңкестік топтардан келетін қауіпті тоқтатуға қауқарсыз екендігін байқатып қойды. Вячеслав Челах біресе мен өлтірдім, біресе мен емес деп адамдарды жаңылыстырып болды. Осылай айдың күннің аманында, ел аман, жұрт тынышта Алматы қаласының Райымбек пен Момышұлы көшелерінің қиылысында (8 қараша 2011 жылы) өз бетімен кетіп бара жатқан полиция қызметкерлері Ғалымжан Әбдіров пен Мақсат Дабыловты артынан тапаншамен атып өлтірген. Ол іс ашылмай жатып, Тараз қаласында (12 қараша 2011 жылы) Мақсат Қариевтың істеген лаңкестік әрекетін ел-жұрт ұмыта қойған жоқ. Мұндай қылмыстарды біз тек Голливуд фильмдерінен көретін едік. Ең сорақылығы адамның бір-ақ рет келетін өмірін қыю шыбынды езіп тастағанмен бірдей болып қалды. Орыстандыру саясатының кесірінен, қазақтардың бір бөлігі қазақ тілін ұмытып қалды. Солардың бірі Данияр Әшімбаев—мәңгүрт. Ол өзін «қазақ емеспін, қазақстандықпын»-деп есептейді сұхбаттарында. Рахман Алшанов осындай ұлды қалай тәрбиелеген? Бұл—ұят! Сол Данияр Әшімбаевтың жақын досы Нұрлан Ерімбетов. Ол «Мен қарапайым орыстың жігітімін» деп оттап отыр телеарнадан. Оны естіп кірерге жер таппадым. Бетімді басып үйден шығып кеттім. "Миымды ауыстырмасаңдар, ана тілімді үйрене алмаймын" деген экс-министр Ерланды Ыдырысовты  қалай тәрбиелеген Әбілфайыз Ыдырысов ағамыз? Соларға ұқсаған Жәнібек Сүлеевтің «Свобода Слова» газетіне берген сұхбатын оқып жынданып кете жаздадым. Ол кісінің сандырағына қарағанда, елімізде мемлекеттік тілді толығымен енгізсе, барлық орыс Ресейіне көшіп кетеді, ал қалған қазақтар бірін-бірімен соғысады-мыс. Әсіресе, «Наша Казаша» жобасының әзілкеш Нұртас Адамбаев пен Дәуіт Шайхисламов өздері «қазақ бола тұра, өздерін метіспіз»  деп бөскенін естідік. Өздерін осыншама малға теңеп, салт-дәстүрін күлкіге айналдырғанға мәз болады. Қазақты мазаққа айналдырып жүрген әртістердің КТК телеарнасындағы қаламақылары Forbes-тың назарына іліне алмайтыны айдан анық. «Наша Кzаша» әзіл-сықақ тобының бір жылдық табысы 700 мың доллар екен. Осы үш жігітке тоқтау айтатын Қазақ елінде бір адамның табылмауы көңілге кірбің ұялатады. Экс-депутат Бақыт Сыздықова қазіргі таңда Назарбаев орталығында халықаралық құқық қорғау бойынша жетекшісі «Біз мектеп қабырғасынан балаларымызды еркін жыныстық қарым-қатынастарға үйретуміз керек. Осыны білмегендіктен, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсағандар көбеюде. Сондықтан, білім және ғылым министрінің құлағына алтын сырға деп қояды». Асстафру-Алла о заманда бұ заман қазақ қазақ болғалы мұндай сорақы сөз естімеп еді менің құлағым. Құдай сақтасын естімеген елде көп деген осы емес пе? Сорымыз алаңсыз қайнаған екен, осындай сөз айтатын адамға қалайша лауазым беріп қою, сәбидің қолына өткір пышақ беріп қоюмен тең. Өз қазағың осылай деп жатса, өзге ұлт өкілдерінен не үміт, не қайыр. Көкшетаудағы «Степной маяк» газетіне қазақтың киіз үйін төрт әріп қаңғыбастың үйі» деп жатқаны сол масқаралардың заңды жалғасы. Өйткені, біз өзімізді қорғап, бәріміз бір адамдай қарсылық көрсеткен жоқпыз. Қой екеш қойдың өзі бауыздарда аяғын бір серпеді ғой. Сканвордта тұрған не бар? деп өз әрекеттерін болымсыз қылып көрсетуге тырысады. Көлденең көк аттығы намысымызды осылай таптай берсе кім болғанымыз. Қорғанбаймыз ба? «Сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтпаған ұлы бабалар. Жиырма жылдан бері тәуелсіз елміз деп лепіріп жүріп тура жолдан адаспайық қандастар.

                                                                       Жұмамұрат Шәмші

                            тарих  ғылымдарының  кандидаты

www.qazaquni.kz