Харам болса кеңірдек, Езуін жыртып елірмек...

   

   Петр Своиктің мүкісі бар аяғын емдетуге

Қазақ Үкіметі бірнеше жүздеген мың АҚШ долларын бөліп, Германияға аттандырғанын, сірә, Своиктің өзі де «ұмытып қалғанға» ұқсайды...

  Қазақ Елі тәуелсіздігінің алғашқы жылдары осы күнде қарлыққан дауысымен оқта-текте ортаға шы­ғып жүрген «оппозиционер» Петр Своик Қазақ Үкі­меті­нің Антимонополия комитетін басқарғанын қазір біреу білсе, біреу білмейді... Сонау тоқсаныншы жылдарда қария мен сәби ашқұрсақ болып, қазақ ауылдары ашаршылықтың алдында тұрғанда Қазақ Үкіметі өзінің құпия қаулысы­мен  Петр Своиктің мүкісі бар аяғын емдетуге бірнеше жүздеген мың АҚШ долларын бөліп, Германияға аттандырғанын, сірә, Своиктің өзі де «ұмытып қалғанға» ұқсайды... Ұлы Отан соғысында аяғынан жараланған қазақтың шалына Қазақ Үкі­метінің осыншама қыруар ақша бөлгендігін есті­ге­ніңіз бар ма?!. Әрине, жоқ! Абайдың: «Өзім асыраған күшігім, балағыма жармасты» дейтіні, міне, осы. Әншейінде, халықтың сөзін сөйлеген сыңай танытатын Своиктің, шын мәнісін­дегі, пасық ойы мен сасық пиғылы айқын болды. Көзін тырналап ашқалы қазақтың нанын жеп, суын ішкен бұл харам кеңірдектің сандырағы мынадай: «Если лукаво феодальную языковую политику поменять на современную, придется исходить из той реалии, что казахским государственным языком в Казахстане является русский язык. В том числе благодаря необратимо состоявшемуся русскоязычию казахских элит. Казахский же язык, исходя из тех же реалий, рано или поздно придется превращать во второй, к русскому, язык межнационального общения. Через действительное обучение в школах, стимулы и требования двуязычия для кандидатов в депутаты, министры и руководители госорганов. Только на таком пути удастся поднять казахский до второго государственного языка». Қазақ кең ғой, қаншама жылдар улы жы­ландай ысыл­да­ған­дарға қасиетті топырағын таптатып, қарнын тойдырды. Тіпті, Үкімет мүшесі етіп, таңдаулы топқа кіргізді. Сол сенімнің үдесінен шығудың орнына, жатыры жат, діні бөлек, болмысы харам «күшік балаққа жабысып», қазақтың мыңжылдық асыл арманы – еркін­дігіне қол салғысы келеді. Қазақтың тіліне қарсы шы­ғуды – қазақтың діліне, дініне, тарихы мен мәде­ниетіне, сайып келгенде, ұлтымыздың қауіпсіздігіне қарсы шығу, деп түсінуіміз керек... ...Қазақтың аспанын бұлт шалған қадым күндерде Көкшетаудан Қытай мен Ресейге (Бұл екі елді Бұқар жырау «Қос өкпе» деп атайды) елшілер аттандырғалы жатқанда, елшілерді дереу тоқтатып, оның орнына Ресейге Шақшақұлы Жәнібекті төрт азаматпен жаушы етіп аттандырып: «Қолыңды іргемізден аулақ таста!» – деген, «Үшбу қаһарлы Хатнама» жолдатқан ақылман Бұқар жырау айбыны асқан Абылай ханға былай депті: «...Мүлт кетсең, Абылай, сорлайсың! Қос өкпеңе қол созсаң, Аузыңнан қолың шошығаны, Өкініштен зарлайсың! Алаштың асыл байрағын Қос өкпеге қайырсаң, Өзіңді-өзің алдайсың! Бүгін күліп қарсы алар Ұрпағыңды аздырып, Тіл, салтыңа қол салар! Зиратыңа түкіріп, Ұрпағың тұрар қарғайтын! ...Тоқтат! Абылай адаспа, Әруақтарды қорлайсың!..»   Қазақ Елінің еркіндігі үшін күрес қай заманда да тоқтамайды. Бұл – ұлы күрес, мәңгілік күрес, баянды күрес. Қасиетті күрестің жолында қия басып қарсы шыққан кез келген дұшпанның басы құзғындарға жем болуға тиіс...

Құлтас ДОСТАН

www.qazaquni.kz