Қазыбек Иса. ДАРАБОЗ

Лондон Олимпиадасы оғландарына

Кенен табыс! Кеңеске кел, көшелік! Кемелдікке келеді ел төселіп. Ағылшынды Лондонда қуып сабап, Тартып алды Алтынды Серке Серік!   Бекзаттардан  басталған жолды сеніп, Жалғастырар тек нағыз  ер күшеніп. Алтын жұдырық Алашта  аз емес-ті, Баркерді алып баһадүр болды Серік!   Қашықтықты  Саша алса бір демде ұзын, Әділбектің енді әлем білген жүзін. Зілбатпанның Света ап бірден жүзін, Аңдиды елдер Ольганың жүргенде ізін... Зүлфия мен Маяға ғашық бәрі Шәмші бекер жазбаған «Дүнген қызын»   Піл көтермес, алапат зіл көтеріп, Ілиялармен  сенімім жүрді өтеліп. Көкке өрледім көк туды күнге теліп. Әрең айтып жүретін әнұранды Әлем айтып,  кетті елді  бір көтеріп!   Асқақтатып алтынмен Алаш атын, Көрсетуде қазағым парасатын. Додадағы әлемдік дарабоздық, Саңлақ етсін елімнің саясатын!

Қазыбек ИСА

12.08.2012.

www.qazaquni.kz