А.Перуашев: Олимпиадиялық жеңістер аясында ел атын қате жазу – миллиондаған қазақстандықтарды ұлттық қорлау!

      Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы

М.А. Құл-Мұхаммед мырзаға  

 

 

 

Құрметті Мұхтар Абрарұлы!

 Барлық қазақстандықтар біздің көз алдымызда өтіп жатқан Лондондағы олимпиялық ойындарда біздің спортшыларымыздың табысты ойын көрсетулерін орынды мақтан етуде. Александр Винокуров пен Зульфия Чиншанлоның жарқын жеңістері Олимпиялық ойындардың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстанды бүкіл әлемге әйгілі етіп, отандық спорт дамуының жоғары деңгейін көрсетті.

Сонымен қатар, Олимпиада барысында өзге де түсінбестік тудыратын және отандық жанкүйерлердің ұлттық намысына тиетін көңілге тым қаяу түсіретін сәттер байқалады. Мәселен, Олимпиаданың ашылуы қарсаңында Лондонның орталығындағы Парламенттік алаңда, күн бейнесінің орнына тесігі бар Қазақстанның туы орнатылды. Тудың фотосуреттері интернет-кеңістігінде көп тиражбен таратылды, алайда осы оқиғаға орай Республиканың уәкілетті мемлекеттік органдарының ресми әрекеті туралы көпшілік беймәлім қалып отыр. Осы факт ҚР мемлекеттік рәміздерін қадірлемеушілік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық түзетулер Парламентпен қабылданғаннан кейін орын алғаны таңдандырады. Бірақ осы оқиғада бөгде тұлғалардың кінәсі анық болып тұрса, біздің спортшыларымыздың жарақтамасындағы кемшіліктер одан да сорақы болып тұр, себебі ол үшін жауапкершілік біздің өзіміздің ұйымдарымыз бен лауазымдық тұлғаларымызға жүктеледі. Сонымен, ауыр атлетика бойынша жарыстар туралы (бұнда әлемдік және олимпиялық рекордтар жасаған Қазақстан өкілі Зульфия Чиншанло Олимпиялық ойындарының чемпионы болды) жеңісті телерепортаж барысында, телекамералар отандық олимпиялықтардың формасындағы «KAZAKHSTAN» жазуының орнына өрескел орфографиялық қатемен «KZAKHSTAN» ірі жазуын  бірнеше рет көрсетті. Біздің спортшыларымыздың тамаша жеңістерінің аясында осы жазу ерсі болып, және істің дәл мәнінде – миллиондаған қазақстандық жанкүйерлерді ұлттық қорлау болып көрінеді. Халықаралық, сонымен қатар отандық өңірлердегі жарыстардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалануымен байланысты жуырдағы бірқатар жанжалдар жұрттың бәріне белгілі.   Осы инцинденттердің алдын алу үшін Лондонға шығар алдында олимпиялық делегацияның мүшелерімен арнайы бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Алайда, көріп отырғанымыздай, қабылданған шаралар біздің командамыздың жарақтамасын дайындаушыларға қатысты тиісті нәтижені берген жоқ. Жоғарыда баяндалғанды назарға ала отырып, Сізден, құрметті Мұхтар Абрарұлы, сұрайтынымыз: 1) Олимпиялық спортшылардың формасындағы дөрекі жазба фактісін, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарта отырып, тексеруді  тапсыруыңызды; 2)  Олимпиада ұйымдастырушыларының атына ҚР мемлекеттік рәмізі – мемлекеттік туды құрметтемеушілікке жол берілмеуі туралы  дипломатиялық арналар бойынша нота жіберу мәселесін қарауыңызды; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тізбесіне, біздің мемлекетіміздің атауына құрметпен қарамағаны үшін жауапкершілікті қоса, заңнамаға тиісті түзетулер енгізе отырып, Мемлекеттік Елтаңба, Туы мен Әнұранымен қатар, еліміздің «Қазақстан» атауының өзін және оның жазылуын кіргізуді ұсынамыз. Нәтижелер туралы «Ақ жол» ҚДП-н хабардар етуіңізді сұраймыз.

 Құрметпен,      Азат ПЕРУАШЕВ,

«Ақ жол» ҚДП төрағасы,

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты