Ой-арманы ойран болған оралманым..

7
1139

Мен түсінбейтін бір нәрсе: қазақ секілді телегей-теңіз аққан мұнайы жоқ, сирек кездесетін түрлі-түсті металдары жоқ, асып-төгілген астығы жоқ. Алатақиялы ағайынның дені Қазақстан мен Ресей асып, нан іздеп жүр. Бірақ, жоспарлып қойғандай жүйелі өсіп, қарағұрым көбейіп келеді. 1990 жылдары өзбектер 19 млн-нан сәл асса, бүгін 27 млн-ға жетіпті. Яғни 20 жылда жыл сайын 400 мың адамға көбейіп отырған… Қанша жерден қазақты «қоңсымыз ғой» деп, майда тілімен мәймөңкелетсе де, өзбектің талабы қатал, заңы мірдей. Өзбек билігі Қазақстанға көшкісі келген қазақтардың үйлерін де, мал-мүліктерін де ешкім сатып алмайтын етіп, астыртын нұсқау беріп қойған көрінеді. Байғұс қазақ дымсыз қайтып, кімді паналайды?.. Бірақ, кейбір намысы шоқтай қызба да қайсар қазақтар, амал нешік, көк тиынсыз ата-баба топырағына жетіп-жығылып жатыр: «Өзге елде – сұлтан болғанша, өз еліңде – ұлтан бол» деп… Айтса-айтқандай, туған топырақтағы бауырлары осы күнде ата-бабасының отанына қайтқан қазақтарды шынымен ұлтан қылуға айналды. О баста осы «оралман» дейтін одағай сөздің өзі отанын аңсап жеткен қазақ үшін түрпідей тиген еді. Қытайдан, Мыңғолдан, Өзбекстоннан, Германиядан, Түркиядан, мейлің, Африкадан келсең де – жергілікті қазақ сағынып жеткен қандасын – өз қазағын «қазақ» деп атамады, тіпті, «оралман» да демеді, бәр-бәрін келген елінің атымен «қытай», «мыңғол», «өзбек» деп бұра тартты… «Жазған құлда шаршау бар ма?!.», келген қазақ бұған да көнді, бәлкім, «уақыт өте келе, бұл алалау ауыздықталар» деп үміттенді… Үкілі үміттің нәзік қылдарын 2010 жылдың көктеміндегі қанды Қызылағаш қасіреті шарт үзді. Болмысы бүлініп, рухы ластанған кейбір қазақтар Қызылағашта қапада қаза тапқан оралмандарды «кінәлауға» дейін барды. Ал, сол жылдың жазында Қызылағашқа әупірімдеп жеткен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Оралмандар еліміздің игілігі үшін әзір қажетті деңгейде тер төге қойған жоқ» деген сыңайда сыңаржақ әңгіме айтты… Сол сәттен бастап, оралмандардың орманына от қойылды. Алдымен, Маңғыстаудың Жаңаөзеніндегі мұнайшылардың талап-тілектерін «тыңдауға» барған Темір Құлыбаев: «Түркіменстан мен Қарақалпақстаннан келген оралмандар жергілікті мұнайшылардың көтерілуіне бастамашы болған!» – деп, мәлімдеді… Ал, Жаңаөзен трагедиясынан кейін Өмірзақ Шүкеев: «Жаңаөзенге оралмандарды орналастыруды доғару керек» – деп, мәселенің белінен бір-ақ басты… Үкімет қандастарымызды еліне қайтару туралы мемлекеттік бағдарламаны уақытша тоқтатып қойды. Әйткенмен, әдейі ерегіскендей елдегі көші-қон саясаты күннен-күнге қоюланып, ендігі жерде бір дүрбелең таянғандай сезіледі… …Тәуелсіздіктің 20 жылында елге жетіп-жығылған 1 млн қандас қазақтарымыздың жағдайы кісі қызығарлық емес. Меніңше, мүлдем тың бағыттағы, алдан-ала зерттеліп, болжамдар жасалған, терең жүйеленген жаңа Көші-қон бағдарламасын дереу әзірлеу керек. Жердің бетіндегі әрбір қазақты есепке алатын, қазақ ұлтының алдағы, айталық, 3, 5, 7, 10 жылда қалай, қанша көбейетіндігін талдап-болжайтын және тұрмыстық жағдайларын жасауды ғылыми тұрғыда зерттейтін һәм жүзеге асыратын арнайы Көші-қон министрлігін құру қажет. Отанына оралатын қандастарымызды агорөнеркәсіп кешенін дамытатын, тіліміз бен мәдениетімізді өркендететін аймақтарға жоғарғы дәрежедегі ықтияттылықпен, дәлме-дәл есеп-қисаппен, мемлекеттің материалдық қолдауымен жүйелі тәртіппен орналастыру керек. Бұл мәселедегі жемқорлықты аса қатал заңдарменен қадағаласақ, қазағымыз – ішкі есебімізден де, оралған қандастарымыздың есебінен де дүр көбейіп шыға келмек… Шығысымызда – бір жарым миллиард құжынаған қытай, батысымызда – он есе көп орыстың орманы, ортан белімізде бір қазаққа – үш өзбек… Басты мақсат та, мүдде де жалғыз ғана – қазақ қалайда көбеюі керек! Тезірек өсіп-өнуі керек!!! Бәлкім, Қазақ Елінің жақындағы жарты ғасырлық ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ да осы болуы керек шығар!

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

7 ПІКІРЛЕР

  1. – Qа – Z – аQ – 9 августа Мы должны быстрее избавляться от этого старого пердуна маразматика, разрушающего независомость нашей страны,иначе скоро будет поздно… «Guljan. org»

  2. НӘН кісінің монологі Жиырма жылда бірталай істі тындырдым.Бұл маңқа қазақты құрытудың небір құйтырқы түрлерін ойлап таптым.Бұлар өте балажанды халық.Жанды жерлерін дөп басып,»Баласы 3 тілді білсін,»-деп міндеттедім,жүрсін солай лағып, кім екендерін білмей,мәңгүрттеніп.Енді 10 жылдан кейін қалмақ тілін қосам.»Жапондар балалары 14 жасқа жеткесін өзге тілге үйрете бастайды,» мыс.Жапондар маған НЕ УКАЗ!»Өз күндеріңді өздерің көріңдер!»-деп,ала дорба арқалатып,қаңғыртып жібердім.Қаңғырғысы келмеген еркегі алкаш,әйелі сауна мен Сайын көшесін жағалап жүр.Бала таптыртатын еркегі базарда тәшкі сүйреп, күнін көріп жүр.Өйістіп құриды өздері.Бай таппаған қыздары қытайға,түрікке,арабқа,орыс пен кәріске тисін.»Казахстан лаборатория жиенов»-деген мемлекет құрамыз.Гендерлік саясатым тағы бар.Ақша сұрағыш Адай деген тынымсыз біреулері бар.Оларға ақша беретіндей мен бір жынды шығармын,тапқан екенсіңдер аңқау шалды.Ақша өзіме ауадай қажет.Бір әбетімнің өзі АҚШтың 34000 көк қағазы тұрады.Одан әріде ужин,банкет,форум,саммит,фуршет,гәптің қысқасы-құрып кет!Сен сияқты тынымсыздарға ақша шашқанымша,қорғасын шашқаным арзанға түседі,өздеріңнің қолдарыңмен.Біразын бабаларының ізінен аттандырып жібердім.»Ақша-ақша,»-деп қақылдай бересіңдер.Ертең мұнай таусылса қайтем? Менделеев шалдарыңды сақалынан сүйреп,таблицасымен қосып,өздеріңді бала-шағаларыңмен бірге Қытайға сатып жіберсем бе?!-деген ойым да жоқ емес.Шыдаңдар,2030 деген не тәйірі,көзді ашып жұмғанша келеді! Тимка балам дұрыс айтады:»Бәрін бүлдіріп жүрген оралман деген Қарақалпақстан мен Түрікпенстаннан келген қаңғыған бәлелер,сауатсыз,орысшаға түсінбейді,ағылшын тілін айтпағанның өзінде.Арағыңды ішіп,қатқан наныңды кеміріп,зәкөскі қып,тыныш жүре бермейсің бе? Бәрін итжеккенге айдатып жіберіп,Маңғыстауды орыс пен қытайға толтырсам ба екен,ә! Иртышкадан сұрап көру керек екен,қанша айтқанмен кеңесшім ғой!

  3. Қажымұқан, аса бір өзекті мәселені қозғап отырсың. Саған коп рахмет, бауырым! Осы Тәуелсіздікті біз не үшін жарияладық 1991ж? Әлемдегі қазақтың бостандығы үшін емес пе еді! Енді 20 жыл отпей жатып, өз қандасымыздан өзіміз жеріп шыға келдік! Қазақстанның Қазақстан болу-болмауы осы шеттегі 5 млн қандасымыздың атамекеніне келу-келмеуіне, нақтылап айтсам, біздің оларды әкелу-әкелмеуімізге байланысты. Назарбаевтың да тарихқа қалу-алмауы соған барып тіреледі. Қазір көшке өш біздің билік!

  4. Алып қашпа сөз айтсақ ,қалай ел боламыз,анау айты мынау айты деп, аңыз айтқанша тарихи дәлелдеме айтқан дұрыс ау деп ойлаймын.Қазақта бір -бірімізді көре алмайтын,мұқататын әдеттен арылсақ жақсы болар еді.Ол тұрмақ көзі ашық деген ақын-жазушыларымыздың өздері бір-бірімен ит пен мысықтай олар жас ұрпаққа қандай өсиет беретіні айтпасақта түсінікті,олар тек қана өздерін күйттеуде,не бір шәкірт тәрбиелеп жатқанын көрмейсің. Оралман мәселесіне келсек бір мысал келтірейін:1960 жылдары қытайдан келген бауырларымызды жергіліктілер қытай деп ат қойды,30 жылдан кейін жастар өсіп араласып құда-жекжат болып араласып кетті.Қазіргі оралмандарда сөйтіп араласады жастар өседі.тағы бір оқиға:Ауылда жиналыс болып жатыр, жиналыстан кеиін кімнің қандай сұрағы бар дегенде оралман бауырымыз тұрып мені бәрі монғол дейді деп мүләиімсіпті,бір қария тұрып сен кеше ғана келіп монғол дейсің,мен 40 жыл қытай атансамда өлмейақ жүрмін ғой деп елді ду күлдіріпті.Мен істеген шаруашылыққа ең алғаш 1991 жылы Монғолиядан көшіп келген бауырларыма ерулік беріп едім,оны ести сала совхоз директоры марқұм Аманжол ағада ерулік беріп еді.Сол Дәулетхандар сол Ақтоған ауылына майша сіңіп кетті.Ия ағайын ауыз бірлік болсын.

  5. …»Самое сложное в том,что мы хотим тебе сказать-Нурсултан Назарбаев не казах,а калмык.И даже не из наших калмыков,а из джунгарской ветки.Все дело в том,что Нурсултан – не Нурсултан,у него есть другое калмыцкое имя.Прежде всего,он ни Назарбаев,ни Абишевич.Есть люди,которые доподлинно знают это. Но боятся говорить,так как опасаются за свою жизнь.Далее аксакал перешел к самой интригующей стороне разговора;-Многие не знают об этом- Нурсултан не был рожден от Абиша, а приблудился трехлетным ребенком в подоле матери…Если говорить об Абише, то очень кроткий был человек, ягненочка не обидет.А посмотри на Нурсултана,как бегают его глаза,пронзая все вокруг»..Кәрішал Қабдолдаұлы Асан-Ата.11- қараша, 2010 жыл.

  6. Қазақтың жауы қазақ дегендей… Үш жүздің хандарының ауызбіршілігі жоқтығының кесірінен жоңғарлар талай жылдар бойы үстімізге ойран салды. Баяғы жартас сол жартас. Бүкіл қазақ елі бірікпесе, тәуелсіздігімізді қолдан беріп қоятынымыз анық. Билікке сенуден қалдық, ендеше ел болып, бір-бірімізді қолдауымыз керек, ешкім де бұғып қалмасын. Билік бір күндері ауысар, ал тәуелсіздігімізден айрылып қалуымыздың қауыпы бар. Бұкіл қазақ бір болуымыз керек, орыстілділерге дер кезінде тойтарыс беріп, шаңырақты таныту керек. Орыстілді қазақтарға да дер кезінде «тәйт» деп отыру керек. Бірлігімізден сескенсін. Оралмандардың ешқандай кінәсі жоқ, керісінше бізге қолдау көрсетуге келіп отыр, қолдан келгенше демеп жіберейік. Әрине, өзіміздің де жағдайымыз мәз емес, өйткені патшамыз өз қандасын емес, орыстардың сөзін сөйлеп отыр. Елбасының бізді Ресей империясына қосып жіберетін қауыпы бар, қарсылығымызды анық білдірейік. Шыдайық, ағайын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз