Павлодар — Кереку ме?

Павлодар деген атауы бар қалада жүргеніңде өзіңді әлі де патшалық Ресейдің боданы секілді сезінетінің ақиқат. «Жыланды қанша кессең де кесіркедей қауқары бар» демекші, тәуелсіздік алғанына жиырма жыл өтседағы, жеңісті жеміс қаланың атының өзгеруі болса керек. Бұл кез келген ұлтым деген азаматтардың ішкі запыраны, ол қашанға дейін созыла берері бір Аллаға аян жұмбақ. «Қала атауы өзгерсе, қаншама қаржы желге ұшады, оның орнына балабақша ашуға, мектеп салуға жұмсайық» деп орыстілділер момын қазақтарды алдарқатып уақыт оздырып келеді. Павлодардың қазіргі орнына 1720 жылы тұз өндіретін форпосты пайда болған қазақтар бұл аумаққа 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде «Сыр бойынан ауып келді» деген сандыраққа сенетіндер де жоқ емес. Арғы мақсаты — Коряковтан бастау алатын орысқа қарасты дегенді қаузау. Алайда қазіргі ғылым, білім дамыған заманда отандық және шетелдік ғылыми археологиялық қазбаларға сүйене отырып, Павлодар жеріне Коряковтың табаны тимегенін, қаланың аты көпестің атымен байланысы жоқ екенін дәлелдеп берді. Тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтың еңбегі елеулі екендігін көкірек көзі ашық зиялы азаматтар өте жақсы біледі. Артықбаев мырза «Кереку» деген сөз Коряков деген көпестің атына байланысты қойылған деген қатып қалған қағиданы ғылыми тұрғыдан жоққа шығарды. Яғни, сандалған сан ойдың шымылдығын түріп берді. Сол секілді XI-ғасырдағы Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігінде «Кереку» деген сөздің кездесетіндігі де белгілі. Бұл сөздіктің 1072-74 жылдары жарық көргендігін ескеретін болсақ, қаланың тарихына байланысты сөз тарихы қайдан тамыр алатындығын аңғару қиын емес. Ерте түрік тілінің оғыз диалегінде «керекулен» сөзінің мағынасы «шаңырақ тік», «шатыр құр», «өзіңе кереге көтер» деген мағына береді. Бөгет, тосқауыл қорған, қоршау, қамал, бекініс, т.б. ұқсас ұғымды білдіреді. Арғы дәуірдегі Орхон, Енесей, Күлтегін сөйлеу өнерінің мәдени сілімдері болып табылады. Кереку сөзіне алыстан іздемей-ақ, ұлттық тіліміздің өсу, өркендеу сияқты сөздерге зер салсақ та жеткілікті. Бұдан шығатын жалғыз қорытынды — Кереку ерте түріктердің сөзі екендігі. Павелдің қазақтарға берген сыйлық жері бар ма, қайта қазақтың жеті облысын тартып алып қойғаны болмаса? Павлодар аты референдум арқылы қойылып па еді? Билік басындағылар патшаға жағыну үшін қаламының ұшы шешім жасаған жоқ па? Сонда қай қазақпен, қай халықпен келісіп еді? Павлодар деген Нижний Новгород болып па? Сол үлгі — әлі де қалып отыр. Үкімет басындағы шонжарлардың қолындағы іс. Қазақстанның төрінде тайраңдап, жын ішіп сайрандап жүріп, өрт тұтатуға ұшқын шашу — опасыздың үлкені. Кейбір орыстілді азаматтар, бүйректен сирақ шығармай, қоғамның дамуына қырсығын тигізгісі келеді. Жақында «Павлодар — не Кереку» атты қазақ қоғамына кереғар, жат пиғылды жинақ шығарып, қазақ халқының мемлекеттінің тәуелсіздігіне ашықтан ашық қарсы шығып, мыңдаған адамдардың жүрегіне жара салуға көшкенге ұқсайды. Жинақты алғашында Павлодар қаласында тұратын орыс ұлт өкілдеріне жасырын таратып, жергілікті биліктің тамырын басып көрген. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтығын» түсінген славян орталығының серкелері саналы түрде араңдатушылық қимылға көшіп, ешқандай ескерту болмаған соң, «Городская неделя» газеті арқылы еш шімірікпестен «Вышел из печати сборник «Павлодар —не Кереку», изданный славянским культурным центром тиражом 200 экземпляров (и поэтому скорес всего с самого своего появления представляющий библиографическую редкость)», деп сүйінші сұрапты. Ол ол ма? Бұл араңдатушы жинақ туралы павлодар қалалық «Городская неделя» апталығының шолушысы Юрий Ковхаев «Керекуйцы против Павлодарцев» атты екі бет мақала жариялап, өздерінің жергілікті тұрғындар деп қазақтарды емес орыстарды санайтынын айтады. «Этот сборник, уникальное издание, состоящее из опубликованных в разное время в казахскоязычной и русскоязычной прессе статей, посвященных обсуждению искуccтвенно созданной проблемы переименования Павлодара. Казахскоязычные газеты — за, русскоязычные — против. Не нужно быть искушенным политиком, чтобы увидеть опасность такого рода противостояния. Но навязано оно отнюдь не теми изданиями, которые выходят на русском языке. Об остроте полемики гора, а она как я знаю, очень щепетильно относится к проблеме переименования Павлодара на Кереку наш новый аким Ерлан Арын» — деп жайып салды. Көзімізді бадыратып, арқамызға қамшыдай тиіп, намысымызды қоздыратын ұлт наразылығын туғызып іріткі салып отырғандығы жанға батады. Мұның барлығы — отарлау саясатының кейінгі қызыл империяның жемісі. Яғни, саналарына сең болып қатып қалған атаудан айырылғысы келмейді. Осылайша санамыз қашанға дейін мәңгүрттене бермек? Өскелең ұрпақты өз елінің қожасы еткіміз келсе, қаланың атын өзгертуді қолға алған жөн. Бұл — Тәуелсіз Қазақ елі екенін, өзге ұлт өкілдерінің тек диаспорасы бар екендігі, кім болса да түсінетін уақыты әлде қашан жетті. Осындай орыстілді азаматтарды сотқа шықыртып жазаға тартса обалы жоқ. Таяқтың екі ұшы бар секілді 14 сәуір 2012 жылы шыққан Жас қазақ үні газетінде сол Павлодар қаласының тұрғыны Бейсенбай тегі Руза Зайкенқызының «Тәуелсіздігімізді көрші елге өткізіп жібердік пе?» деген мақаласын оқысаңыз көп мәселенің беті ашылады. Ол кісі жазып жатыр егер облыс әкімі Ерлан Арынның қабылдау бөлмесіне қоңырау шалсаңыз «Премная акима области слушает» деген сөзді естисіз. Облыс аумағындағы қала, аудан олардың аппарат жиындары тек көрші мемлекеттің тілінде өтеді. Облыс әкімі Ерлан Арын жұртшылыққа есеп кездесулерде қазақша амандасады 30 минут көрші елдің мемлекеттік тілінде сөйлейді. Демек, облыс орталығының қазақтары облыстық әкімшілік тарапынан тілдік кемсітушілікке ұшырап отыр. Жергілікті журналист теледидаршыларды шақыртып, қазақ тілін табанға салып таптап жатқан фактілерді айтып бермекке бекінгенімде барлығы бір ауыздан «Елбасы жолдауында орыс тіліне қысым жасауға жол берілмейді деген. Біз ондайды түсіре де, жаза да алмаймыз. Жұмысымыздан айырылатын жайымыз жоқ» деп уаж айтқан. Міне, осыдан-ақ қорытынды шығарса болады. Өткен жылы Қазан қаласындағы қалалық кеңестің алдында орыстілді оқушылардың ата-аналары мектепте татар тілін оқытуға қарсы пикет ұйымдастырған болатын. Осы кезде «ТНВ» арнасының тілшісі болып істейтін Эльмира Исрафилова пикетке шыққан шовинистердің араңдатуына ұшырайды. Сонда Элмира «мен татар тілі үшін кез келгеннің кеңірдегін қиюға дайынмын» деген. Полицияға арыз жазылғанымен, бүкіл татар жұртты қаршадай Элмира қызын қорғап заңға қайшы келетін ілік таппай, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Татарлар Ресей құрамындағы автономиялық республика ғана, ал біз тәуелсіз елде бір қаланың атауын өзгерте алмай әлекпіз. «Жалаңаш қолмен жауға шап, ажалың келмей өлмейсің» деп ата-бабалар айтқандай..осындайда «Жылқыны әкел» деп айқайлағың келеді. Жұмамұрат Шәмші, тарих ғылымдарының кандидаты