Челах шекарашыларды өлтіргендігін мойындады

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің сөзі Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан «Арқан Керген» уақытша шекара бекетінде қайғылы оқиға орын алғандығы белгілі. Әскерилер мен бір азаматтық тұлға қайтыс болды. Бүгінгі күнге тергеумен келесі мән-жайлар анықталды. 2012 жылғы 10 мамырда Шекара қызметінің 3-ші шекара жасағының 15 адамнан, оның ішінде 1 офицер, 3 келісім-шарт бойынша әскерилер және 11 мерзімді әскерилерден тұратын қызметкерлері «Арқан Керген» уақытша шекара бекетінде мемлекеттік шекараны күзету бойынша кезекшілікке түскен. Бекет елді-мекендерден алшақ жерде 3 мың метрге жуық биіктіктегі тауларда орналасқан. Аудан орталығы Үшаралға дейін 224 километр. Ағымдағы жылғы 30 мамырда байланыстың жоғалуына байланысты бекетке кезекші құрам жіберілген, олар оқиға орнына келгенде өртеніп кеткен казарма, офицерлік құрам үйі мен шаруашылық құрылыстарға тап болған. Ол туралы жасаққа баяндалған. Оқиға орнына тікұшақпен дереу жедел топ ұшып шықты, оның құрамында шекара жасағының басшылығы, әскери прокуратураның, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының өкілдері болды. Қарау нәтижесімен өртенген казарма жайында және офицерлер үйінде 13 адамның күйген қалдықтары табылған. Бір жанып кеткен мәйіт маңайдағы ағып жатқан өзен бойында болған. Сондай-ақ, «Арқан Керген» бекетінен 150 метр қашықтықта орналасқан аңшылық шаруашылық күзетшісінің үйінде автоматтан бірнеше атумен өлтірілген Руслан Кимнің мәйіті табылды. Қазіргі кезге геномдық сараптаманы пайдалана отырып, 10 әскерилердің тұлғасы анықталды. Осы факті бойынша 30 мамырда Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағының «а» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады (екі және одан көп кісіні өлтіру). Іс арнайы әскери прокурор басшылық ететін ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен тергелуде. Өртеніп кеткен жайлардан бекет командирі Кереевке тиесілі бір «Макаров» пистолетінен басқа шекарашылардың қолында болған барлық қарулар табылды. Жақын арадағы шатқалдардың бірінде іздеу тобымен бекеттен жоғалған барлық 5 қызметтік аттар табылды. 4 маусымда шекара жасағымен жергілікті шопандар қыстағының бірінде 1992 жылы туылған, «Арқан Керген» бекеті шекарашыларының бірі болып табылатын Челах Владислав Валерьевич табылып, ұсталды. Одан капитан Кереевтің азаматтық киімдері, «Макаров» пистолеті, ноутбугі және кейбір қайтыс болған әскерилердің ұялы телефондары табылып, алынды. Адвокаттың қатысуымен жауап алу кезінде Челах өзінің әскери қызметтестерін және Руслан Кимді өлтіргендігін мойындады. Челахтың айтуынша, қылмысты жасаудың себебі ретінде ішкі қақтығыстар және есінің түсіндіруге жатпайтын бұзылу жағдайы себеп болған. Қылмысты жасауға көмектескендер мен қатысушылардың бар болғандығын Челах үзілді-кесілді терістеуде. Оның жауабына сәйкес, қылмыс онымен 2012 жылғы 28 мамырда шамамен таңғы сағат 5-тер шамасында сақшыдан басқа барлық бекет шекарашылары ұйқыда болған кезде жасалған. Челахтың өзі сол түні казарма бойынша кезекші болған және сәйкесінше, қару арсеналына қол жетімділігі болған. Челахтың айғақтарына сәйкес кісі өлтіру хронологиясы келесідей болған. Бірінші болып бекет территориясынан алдау арқылы шығарылған сақшы өлтірілген. Одан кейін, Челах казармаға оралып, ондағы қалған қызметтестерін атып өлтірген, олардың 9-ы ұйқы үстінде болған. Соңғы болып аңшы үйінде қорықшы Руслан Ким өлтірілген. Челах құрбандары өлтіру кезінде қарусыз болғанын атап айту қажет. Сонымен бірге Челахтың айтуы бойынша, кейбір ұйқыдан тұрған қызметтестері оларға қару бағыттағанды шынайы қабылдамаған. Кісілер өлтірілгеннен кейін қылмыс іздерін жасыру мақсатында Челах әрқилы позициялардан автоматтан оқ атып, казарма бөлмелерінде оқтарды шашып, алдын ала бензин төгіп, бекеттің барлық казармалық және шаруашылық құрылыстарын өртеп жіберген. Осындай тәсілмен бекет территориясынан тысқары жатқан сақшы мәйіті де өртелген. Осының бәрінен кейін Челах өзімен бірге «Макаров» тапаншысын, азық-түлік, қызметтестерінің бірқатар жеке заттарын (ұялы телефондар, ноутбук, ақша) алып, капитан Кереевтің азаматтық киімінде оқиға болған жерден жаяу бой тасалаған. Қазіргі уақытта Челахтың берген жауаптарының шынайылығы тексерілуде, сонымен бірге бекетке сырттан шабуыл жасау белгілері тергеумен анықталған жоқ. Тергеу шеңберінде барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізілуде, соның ішінде Владислав Челахтың жеке басына қатысты кешенді психологиялық сараптама да жүргізіледі. Қазіргі уақытта сарапшылар 11 әскери қызметкердің жеке бастарын анықтады және сараптама шекарашылардың да, қорықшының да алколгольді ішімдік ішу фактісін жоққа шығарды. Өрт-техникалық сараптамамен жарылыс ошақтары және сәйкесінше, жарылғыш заттарды пайдалану фактісі анықталған жоқ. Болған барлық жағдайды анықтауға бағытталған басқа да жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл оқиғаның тергелу барысына қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесін ескере отырып, қосымша хабарланатын болады. Сонымен қатар «Сары Бөктер» шекаралық заставасының бастығы Алексей Викторович Фоминға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабардар етеміз. Фомин үстіміздегі жылғы мамырдың 28 мен 30 аралығында «Арқанкерген» шекаралық бекетімен байланыстың болмағанын қасақана жасырғаны және оның себептерін анықтау мен қалпына келтіру бойынша шара қолданбағаны үшін айыпталуда. Сот санкциясымен ол қамауға алынды. Оқиға болған жерге жақын аудандарда жедел-тергеу, іздеу шаралары жалғасуда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

[poll id="18"]