ТОЛЕРАНТТЫҚ КӨНБІСТІК ПЕ, ҚҰЛДЫҚ ПА?

            Капиталистік қоғамның басты сипаты – халықты қанау. Олар бұқара халықты экономикалық жағына ғана емес, рухани жағынан да қанайды. Осы мақсаттарына жету үшін не бір құйтырқы, зымиян әрекеттерге барады. Адамдардың азғындыққа бой алдыруы , азып-тозуы үшін не бір амалдар ойлап табады. Ойлап тапқан амалдарын міндетті түрде жүзеге асырады, сол үшін қыруар қаржысын да аямайды. Өйткені рухани жағынан азып-тозған халықты басқару оңай болмақ. Рухани азған адам көп нәрсені қажет етпейді. Кейінгі кезде бізде елде толеранттық туралы көп айтылатын болып кетті. Мемелекеттік БАҚ-тар «біз толерантты елміз, толеранттық тұрақтылық кепілі» деп жар салып жүр. Алдымен толерант деген сөздің мағынасына үңілейік. Толерант «көнбіс» деген мағына білдіреді. Негізінде бұл сөз малдарға, оның ішінде нақты өгізге айтылған, кейін құлдарға да айтылатын болған. Толерант яғни көнбіс, ол мал сияқты айдағанға жүреді, айтқанға көнеді. Енді қарап көріңіз, жарты тонналық үлкен өгіздерді қаршадай бала қосақтап қойып жұмысқа шегеді. Ол оларды сабайды, боқтайды бірақ өгіздер мық демейді, өйткен іолар көнбіс-толерант болып алған. Олардың ойлайтыны тек қана тамақ. Егер сол өгіздер шындаса ана баланы быт-шытын шығарып таптап тастар еді. Коррида алаңына шығатын өгіздер де тура осы сияқты өгіздер, бірақ оларға жолап көріңіз быт-шытыныңызды шығарсын, өйткені олар толерант емес. Біздің болашақ ұрпақтарымыздың құлағына, «аталарын мал сияқты болған, сендер малсыңдыр» деп күнде құйып жатыр. Әшімбаев сияқты сауатсыз мәңгүрттер де «ата-бабамыз мал сияқты болған, тәуелсіздік дегенді тіпті ойламаған» деп сандырақтайды. Кезінде қызыл коммунистерде «аталарың сауатсыз, надан, жабайы болған, жазу-сызуды білмеген» деп құлағымызға құятын еді. Біз оған сенетін едік. Ата-бабаларымыз мал сияқты болса, осыншама ұлан-ғайыр жерді қорғап қалар ма еді. Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан кең-байтақ жерді ешкім бізге картасын сызып бере салған жоқ. Осынау жерді аталарымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған. Жан беріп, жан алысқан. Егер ата-бабаларымыз мал сияқты болған болса, кешегі «қызыл империяның» іргесін сөккен кімдер? Москва түбінде немістердің бетін қайтарған кімдер? Рейхстагқа алғаш ту тіккен кім? Шыңғыс ханның бетін қатарған Бейбарыс сұлтан кім? Жарты әлемді жаулаған Македонский кімнен қаймыққан? Ұлы Қытай қорғанын қытайлар кімнен қорқып тұрғызған? Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк кім? Немістердің үрейін ұшырған батыр ұшқыш қыз Хиуаз кім? Кешегі өткен екінші дүниежүзілік соғыста да аталарымыз үлкен ерлік көрсеткен. Бірақ олардың ерліктері көбіне бағаланбай қалғаны тарихтан белгілі. Талай славян қолбасшылары біздің аталарымыз туралы таңдай қағып жазған екен. «Қазақтар соғысқа ыңғайлы халық, әр нәрсеге епті. Әсіресе барлауға өте шебер» деп бір славян қолбасшысы жазса, екінші бірі: «Олар сондай табанды, ер жүрек, айбынды халық. Мен Азияда мұндай халықтың өмір сүретінін білмеппін» деген екен. Қазыбек бек Тауасарұлының бабамыздың «Өзімнен түп-тұқияныма шейін» деген кітабы бар, бірақ ол кітапты біздің советтік тарихшылар мойындамайды. Өйткені ол жерде бар шындық жазылған. Орыстың кім, қазақтың кім болғаны сол кітапта анық жазылған. «Европадағы ең надан халық орыстар екен» деп жазады бабамыз. Бұл кітап әр қазақтың үйінің төрінде тұруы тиіс кітап. Біз Ұлы халықпыз, ірі халықпыз, ойы да, ары да таза асыл халықпыз. Жеті атаға толмай қыз алыспайтын текті халықпыз. Басынан сөз асырмайтын өр халықпыз. Құдайына қараған иманды халықпыз. «Итің жаман дегенде өлгенім ай» дейтін намысшыл халықпыз. Жылқы мінезді сергек халықпыз. Ел боламыз десек, болашақ ұрпақты осыған тәрбиелейік, ағайын. Мәңгүрттерден ұрпағымызды қорғайық. Қазақты көнбіс қылып көрсету кімге тиімді екенін бәріміз жақсы білеміз. Біз ешқандай толерант емеспіз. Толеранттық та тұрақтылық кепілі емес, керісінше, біздің болашағымызға төнген қауіп. Мүслім МЫРЗАХМЕТ