ЕҢ БАЙ ЕЛУ БАЙ. Нағыз байларымыз неге айтылмаған?

Таяуда «Forbes Kazakhstan» журналы Қазақстандағы ең бай саналатын елу азаматтың рейтингін жариялады. Оның қатарындағы қырыққа жуық адам – қазақтар, алты кәріс, бес еуропалық ұлт өкілі және бір өзбек туысқан бар. Жалпы, бірнеше топқа бөліп жіктер болсақ, аса бай саналатын бұл қалталы азаматтардың тізімі мынадай:
1 миллиард доллардан аса байлығы бар адамдар алтау: Владимир Ким (3,5 миллиард доллар), Алиджан Ибрагимов (2,9 млрд.), Рашид Сәрсенов (1,8 млрд.), Болат Өтемұратов (1,6 млрд.), Динара Құлыбаева (1,258 млрд.), Тимур Құлыбаев (1,258 млрд. доллар). Байлығы 500 миллионнан 900 миллион долларға дейін есептелетіндер қатарында тоғыз адам тұр. Олар мына азаматтар: Нұржан Сұбханбердин (900 млн.доллар), Асқар Алшынбаев (750 млн.), Айгүл Нұриева (720 млн.), Евгений Фельд (700 млн.), Олег Новачук (680 млн.), София Сәрсенова (660 млн.), Дариға Назарбаева (593 млн.), Бақытбек Байсейітов (537 млн.), Василий Розинов (522 млн.) Байлығы 200 миллион доллардан басталып, 400 миллионнан асатындардың тізімін 440 миллион долларымен Нұрлан Бизақов бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 301 миллион доллары бар Руслан Молдабеков пен 300 миллион доллар иесі Тимур және Әлфия Қуанышевтардың аты-жөні орналасқан. Ал Асаубаевтар отбасының байлығы 280 миллион долларды құрайды екен. Одан кейінгі орындарда тиісінше Нұржан Бекшенов (256 млн.), Нұрлан Смағұлов (240 млн.), Кеңес Рақышев­ (225 млн.), Дінмұхамед Ыдырысов (220 млн.), Вячеслав Ким (215 млн.), Нұрәлі Әлиев (200 млн.), Айдын Рахымбаев (200 млн. доллар) тұр. 100 миллионнан әрі барып, 200 миллион долларды төңіректейтін байлығы барлардың тізімі мынадай: Александр Клебанов (198 млн.), Жақсыбековтер отбасы (189 млн.), Сергей Кан ( 181 млн.), Еркін Әмірханов (181 млн.), Сейітжановтар отбасы (178 млн.), Айбар Дәуітов (141 млн.), Эдуард Ким (120 млн.), Серік Төлбасов (120 млн.), Нұрлан Тілеубаев (113 млн.), Нұрлан Қаппаров (109 млн.), Берік Қаниев (104 млн.), Ерболат Досаев (102 млн.), Юрий Пак (101 млн.), Игорь Школьник (101 млн.доллар). Тізімдегі қалған он адамның байлықтары 60 миллион мен 90 миллион доллар аралығында деп көрсетілген. Атап айтқанда, Алмас Мыңбаевтың байлығы 92 миллион долларға, Қайрат Мәжібаевтікі – 81, Байтасовтар отбасынікі 80 миллион долларға жетіпті. Ал Еркін Көшкінбаев (78 млн.), Бақытбек пен Сәуле Әлғазиевтар (76 млн.), Валерий Жүнісов (74 млн.) және Нина Жүсіпова (71 миллион доллар) оларды өкшелеп келеді. Мұрат Сафиннің байлығы 62 миллион долларды құрапты, Эдуард Югай мен Қайрат Оразбековтің жиғандары онікінен сәл аздау – 61 және 60 миллион доллардан. Аталған журналдың есебінше, бұл азаматтардан бір команда құрар болса, әлемдік рейтингте Қазақстан құрамасы 16-шы орынға ие болады екен. Дегенмен тізімде олардың байлық мөлшері шамалап есептелген, шын мәніндегі көрсеткіш басқаша болуы да мүмкін. Қалталы азаматтар көп болса, ол мемлекет байлығының бір көрсеткіші. Бұл өзі жаман нәрсе емес шығар.

Р. ШАЛҚАР.

"Замана"