Қашып жүрген борышкер Ж.Мұқанов сот шешiмiн орындамаса қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады...

Жалғандық таратушы Жұмабекке Астана қаласы Сот актiлерiн орындау Департаментi  осындай хат жолдады...

Шардара аудандық “Шардара тынысы“ газетiнiң бұрынғы редакторы Ж.Мұқановтың ҚР Президентi әкiмшiлiгiнiң басшысы А.Мусинге жазған ашық хаты “Замана“ газетiне берген өтірікке толы сұхбатына және abiev.kz “Закон и правосудия“ сайты арқылы таратқан жалған мәлiметтерiне жауап.
Ж.Мұқанов ашық хатында және интервьюiнде ауданда әлеуметтiк маңызы бар бiрқатар мәселелер бойынша ешқандай жұмыс жүргiзiлiп жатқан жоқ, халықты жалған мәлiмдемелермен алдаумен келедi деп жазады. Бiз ауданда Тәуелсiздiктiң соңғы он жылында, әсiресе, соңғы 4-5 жыл көлемiнде соны серпiлiс жасалғанын, қыруар жұмыстар атқарылып жатқанын, мұның ең алдымен Елбасы мен Үкiметiмiздiң, әсiресе, ауылдарға деген шынайы қамқорлығының нәтижесi екенiн ресми мәлiмдеймiз. Шардара ауданы 2011 жылдың қорытындысында барлық көрсеткiштер бойынша облыста бiрiншi орын алуы да осыны көрсетедi. Ендi Ж.Мұқанов көтерiп отырған жалған мәлiметтерге нақты жауап берейiк. Таза судың экологиялық апатты аймаққа жақын аудан ретiнде шардаралықтар үшiн өмiрлiк мәнi бар, тiптi, 1970 жылдан берi шешiмiн таппай келе жатқан мәселе екенi белгiлi. Ал Одақ тараған тұста бұл салада, тiптi күрделi жағдай қалыптасты. Қаладағы су жүйелерi тозығы жетiп, iстен шыға бастады. Ауылдардағы жағдай, тiптi қиындап кеттi. Олардағы су жүйелерiн жекешелендiру тұсында иелiгiне алған кәсiпкерлер игере алмады. Ауылдардың мүлде сусыз қалу қаупi туды. Тек аудан әкiмдiгi 2008 жылы барлық су жүйелерiн коммуналдық меншiгiне алып, “Таза су“ бағдарламасын жүзеге асыруға кiрiскен кезде жағдай түзеле бастады. “Жол картасы“ аясында 2009 жылы 290 908,0 мың теңге қаржы бөлiнiп, Жаушықұм, Шардара, Қоссейiт, Көксу, Ұзын-Ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент, Ақ алтын, Егiзқұм, Достық ауылдарындағы су жүйелерi қалпына келтiрiлiп, iске қосылды. 14 ұңғыма көзi тазаланып, 10 су мұнаралары, 19 су сақтау резервуары жөнделдi. 8 трансформатор орнатылып, 3,13 шақырып электр желiсi тартылды. 2011 жылы облыстық бюджеттен 568,8 млн. теңге бөлiнiп, халықты ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар одан әрi жалғастырылды. Бұдан тыс 18 елдi мекенде 25 “Таза су“ қондырғысы орнатылып, жұмыс iстеп тұр. Атқарылар iс-шаралар әлi де аз емес. Жұмыс жалғаса бередi. Ж.Мұқановтың аудан әкiмiн жүзеге аспайтын мифтiк жобалардың авторы деп кiнәлауы да жөнсiздiк. Аудан экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсарту бағытында нақтылы бағдарламалар жасалуын бiз құптарлық iс деп есептеймiз. Әрине, ол шаралардың бiр ғана шағын аудан деңгейiнде шешiле қоюы қиын, тiптi мүмкiн де емес. Көп iздену керек, облыстық, республикалық деңгейдегi мекемелердiң де көзiн жеткiзiп, көмек сұрауға тура келедi. Елбасымыз соңғы Жолдауында шағын қалаларды дамыту жөнiнде Үкiметке арнайы тапсырма беруiнiң өзi осыны көрсетедi. Яғни аудан әкiмi бұл орайда дұрыс бағыт ұстанып отыр. Ж.Мұқанов көзқарақты азамат ретiнде,осындай болашағы бар жақсы жобаны қолдап, ең болмаса тiлектестiгiн бiлдiргенi дұрыс едi. Керiсiнше, болмас елдiң ұрты «У»-ға толы ұлы сияқты Жұмабектiң орындалуын құрғақ қиял ретiнде көрсеткен бiрқатар жобалар қазiрдiң өзiнде iске аса бастады. Атап айтқанда Шардарада туризмдi дамыту мәселесi облыс әкiмi тарапынан қолдау тауып, туристердiң келiп-кетуiн жеңiлдету мақсатында «Шардара» аэропорты қалпына келтiрiлетiн болды. 2011 жылы Шардарада мақтаны терең өңдеу арқылы өнiм шығаратын зауыт пен қуаты жылына 500 тонналық қант, күрiш зауыттары iске қосылды. Шикiзат та өзiмiзде шығарылады. Қант қызылшасы өткен жылы 130 гектарға өсiрiлсе, биыл оның көлемiн 170 гектарға жеткiзу көзделiп отыр. Ал мақта өндiру – аудан ауылшаруашылығының негiзгi саласы екенi белгiлi. Осы орайда айта кеткен жөн, бұдан тыс ауданда 6 басым бағытта жұмыс iстейтiн «Индустриалды аймақ» пен 3300 гектар жердi тамшылатып суғару әдiсiмен игеретiн «Агроаймақ» құрылып, қажеттi техникалық құжаттары дайындалуда. Ауданды газбен қамтамасыз ету 1988 жылдан берi көтерiлiп келе жатқан мәселе. Республикалық деңгейде шешiлетiн бұл күрделi жұмыс тек 2008 жылдан бастап қолға алынды. Шардаралықтар үшiн қажеттi газ «Газли-Шымкент» магистральды газ құбырынан алынады. Бiрiншi кезекте «Ұзын-Ата» ауылына газ беру жоспарланып, «Шардара ГРС-18», «Ұзыната ГРС-17» нысандарының құрылысы салынды. Қазiр толық дайын. Бұл күндерi «Қазтрансгаз»АҚ-ның мамандары жеке тұрғын үйлердегi газ жүйелерiн тексеруден өткiздi. Бұл күнде “Ұзыната” ауылына газ берiлсе, “Алатау батыр” ауылының тұрғындары жақын күнде «көгiлдiр отынды» пайдаланатын болады. Ендiгi кезекте «Қоссейiт», «Шардара» ауылдары тұр. 2013-2014 жылдары қалаға жеткiзiледi. Қазiр газ құбырын төсеу жұмыстары жүргiзiлуде. Бұл «Қазақстан» телебағдарламасы арқылы хабарлауға лайық қуанышты хабар екенi даусыз. Ж.Мұқановтың аудан халқының 30 жылдай күткен осы қуанышынан қандай «кiнәрат» тапқаны түсiнiксiз. Ашық хатта Шардара – Жетiсай арасына жол салуды да мифтiк жобаларға жатқызыпты. Бұл жерде Жұмабек қағыс естiген секiлдi. Экономикасы қарқынды даму үстiндегi Шардараға темiр жолдың қажет екенi рас. Бiрақ, аудан әкiмiнiң ұсынысымен облыс әкiмдiгiнен қолдау тапқан жоба ҚР Премьер Министрiнiң келiсiмiн алып, Шардара-Жетiсай арасына Шардара су қоймасының жағалауымен III санаттағы автомобиль жолы салынатынынан ол хабарсыз екен. I-II кезеңнiң жобалау сметалық құжаттары дайындалып, жұмыс басталып та кеттi. III-IV кезеңiнiң жобалау сметалық жұмыстары жүргiзiлуде. Ж.Мұқанов аудан әкiмiн өзiн қызметтен жазықсыз босатты және 41 жылдан берi шығарылып келе жатқан газеттi жапты деп айыптайды. Бiрiншiден, газет жабылған жоқ, таратылды. Құрылтайшысы аудан әкiмдiгi болып табылатын аудандық газет редакторы мемлекеттiк қызметке теңестiрiлген болып есептеледi. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 3-бабы, 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдарға теңестiрiледi және осы Заңның 9-бабына сәйкес тұрғылықты жерi бойынша Салық органына Заңда көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтер тапсыруға мiндеттеледi. Сондай-ақ Заңның 8-бабының 1-тармағында ондай адамдардың Заңмен белгiленген шектеулер қабылдауға тиiстiлiгi атап көрсетiлген. Ж.Мұқанов осы аталған талаптардың бiр де бiрiн орындамаған. Осыған сәйкес ол ҚР Еңбек Кодексiнiң 72-бабының 4-тармақшасына 73-бабына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағы, 9-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 22 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту және құқық қорғау қызметiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы» №793 Жарлығының 2-тармағына сәйкес қызметiнен босатылған. Ал ендi Жұмабек аудан әкiмi “Менi жұмыстан заңсыз босатты“ деген жалған мәлiмет таратумен келедi. Жұмыстан босату туралы бұйрықты газеттiң басқарушы органы болып табылатын қаржы бөлiмiнiң бастығы Н.Қалмұратов бергенiн айтқысы келмейдi. Газеттiң жабылғандығы туралы. Бұл да шындыққа сәйкес келмейдi. 1969 жылдан берi шығарылып келе жатқан «Өскен өңiр» газетi қазiр де аптасына 10 беттiк, түрлi-түстi болып өзiнiң 3,5 мың оқушысының қолына тиедi. Ж.Мұқанов ешкiммен келiспей, газет атын өзгерту жөнiнде 2006 жылы аудан әкiмiне өтiнiш түсiрген. Оның газет оқырмандарынан, жалпы жұртшылықтан газет атауы жөнiнде көптеген өтiнiш тiлектер айтылуда деп жазуы жалған (ондай өтiнiш тiлектер Ж.Мұқановтың жеке өзiне ауызша айтылмаса, газет редакциясында ондай мағынадағы бiр де бiр хат тiркелмеген немесе жарияланбаған). Бұдан редакция қызметкерлерi де хабарсыз, мәселе өздерiнде де талқыланбаған. Тек газетте «Өскен өңiр» тарихи мiндетiн атқарды, «Шардара тынысын» қабылдаңыздар халайық”, деген мақала “Өскен өңiр” газетiнiң 2007 жылғы 8 санында жарияланған кезде бiр-ақ бiлген. Бұл да Ж.Мұқановтың кезектi бiр айласы сияқты. Өйткенi сол кезде газетте аудандық бiлiм бөлiмiнiң бұрынғы бастығы Б.Сламбековтың үстiнен негiзсiз сын материалдар жарияланып, ол сотта қаралып, сот «Б.Сламбековтен газет бетiнде кешiрiм сұрауға, “Өскен өңiрге” 1 млн теңге моральдық шығын төлеуге» шешiм шығарған болатын. Ол осы Үкiмдi орындамай кетудiң амалы ретiнде өз бетiнше «Өскен өңiрдi» жауып, «Шардара тынысын» шығарды деуге толық негiз бар. Ж.Мұқанов ауданға танымал ақын, жырау, аудандық мәдениет бөлiмiнiң қызметкерi Ә.Айдаровты, “Өскен өңiр“ газетiнiң бас редакторы, осы мақала авторынан миллиондаған теңге моральдық шығын өндiрiп алғысы келiп сотқа бергенi бар. Сотта берген жауабында “Мен “Өскен өңiр“ газетiнiң атауын өзгертуге әрекет жасамадым. Өзгерткен сол кездегi аудан әкiмi С.Ибадуллаев болатын“ деген уәждердi келтiрумен болды. “Ал газет атауын “Шардара тынысы“ деп өзгерту жөнiнде аудан әкiмiне ұсыныспен шықтық“ деп өзi жазған мақаласын ұмытқан секiлдi. Ал Ж.Мұқанов қызметiнен босатылғаннан кейiн оқырмандардың, әсiресе, ардагерлердiң сұранысы бойынша газет өзiнiң бұрынғы атауымен «Өскен өңiр» болып шығарылып келедi. Жұмабек “Шардара тынысы” газетiнiң бұрынғы қызметкерлерi жалақылары мен өтемақыларын алмай келедi деп көрсетедi. Ол 06.12.2010 жылы “Шардара тынысы” газетiнiң директор-бас редакторлық жұмыстан босатылған кезде қызметкерлерге қараша айының еңбек ақылары төленбегендiгi анықталды. 2010 жылдың желтоқсан айында “Шардара тынысы” ЖШС-ның бұрынғы бас есепшiсi С.Исаева өз өтiнiшi бойынша жұмыстан шығып, әупiрiмдеп мекеменiң есеп-қисап жұмыстарын 2011 жылдың қараша айында әрең тапсыруы есеп айырысуды кешеуiлдеттi. 3 млн. теңгеге жуық төленбеген салығы құрылтайшы есебiнен төлендi. Оны Мұқанов жақсы бiледi. Ендi Ж.Мұқановтың азаматтығы туралы бiрер сөз. Ол 2 жылға жуық жазып келе жатқан арыз-шағымдарында өзiн жазықсыз жапа шеккен азамат ретiнде көрсеткiсi келедi. Ж.Мұқанов 1994 жылы 29 қазанындағы “Өскен өңiр”газетiнде: Басшы деген – байтал, Қосшы деген – сайқал. ....................................... Шардара сорлағанда Сайқал мен байталдардан сорлады ғой. .......................................................... Ұрыс болса – дұрыс болмас, Байқаңдар: Махамбет пен Абайдың ұрпақтары Адайлар-ай, Адайлар-ай, Адайлар-ай, – деп аудан азаматтарының ар-намысына тиiп, рушылдыққа жiк түсiретiн өз өлеңiн басқаны үшiн редакторлықтан абыройсыз жағдайда босатылғанын, кейбiр ел ағаларының кешiрiм жасауының арқасында соттан басын әзер арашалап алғанын, тек арада 3 жыл өткенде, мәслихат депутаттарынан, ардагерлерден үлкен актив жиналысында тағы да кешiрiм сұрап, сол кездегi аудан әкiмiнiң қамқорлығымен редакторлыққа қайта келгенiн ұмытқан сияқты. Мұнан кейiн де қанша рет мұндай кешiрiм сұраулар болғанын жiпке тiзбей-ақ қояйық. Бiрақ Жұмабек рушылдыққа қатысты әңгiме айтпадым деуден танбай келедi. Бiр-екi ауыз Әйтеке би кесенесi мен ескерткiшi жайлы. 2010 жылы қыркүйек айында Жұмабек аудан әкiмiне “Әйтеке би мүсiнi дайын болды, орнатуға 1 млн. 600 мың теңгеге қажет, соған көмектесiңiз деп жолдаған хатының көшiрмесi бiзде сақтаулы. Қордың қаржысы бола тұра Шардарадағы Әйтеке би ескерткiшiн салуға қаржы сұрағаны несi?“ дедiк. Әкiмдiк тарапынан қаржы берiлмеген соң, Әйтеке би мүсiнiне қажет 300 мың теңгенi Құрманғазы Акбаров, мүсiндi тұғырға орнату, айналасын қоршау, гүл отырғызу жұмыстарына кәсiпкер, ТММ “Берекенiң“ директоры Сейтанов Сайлаубек өз жанынан 650 мың теңгенi қарызға берген. Жұмабек жұмсалған қаржыны қайтаруды ойламайтын секiлдi. Себебi қорға қаржы салған салымшыларды күнi бүгiнге дейiн алдап, би ескерткiшiн өзiм тұрғыздым деп жүрген көрiнедi. Ал 2010 жылы республикалық «Жас қазақ үнi» газетi Ж.Мұқановтың Әйтеке би бабамыздың басына кесене саламын деп, елдi алдап миллиондарды жеп қойғаны туралы жазғаны әлi елдiң есiнде шығар. Бұған Республика жұртшылығы, есiмi елге танымал көрнектi қайраткерлер еңсеңдi көтерiп жүру былай тұрсын, естiгенде жерге кiргiзердей «қарғыстан» ауыр қарсы пiкiрлерiн бiлдiрген едi. Сол кезде аудан жұрты Ж.Мұқановты газетке қол қою былай тұрсын, арамызда жер басып қалай жүредi ендi, мүмкiн ақтығын дәлелдеп шығар деп күткен едi. Жоқ, керiсiнше, Ж.Мұқанов аудан азаматтарына қарсы шапты. Аудандық ардагерлер кеңесiн, кеңес мүшелерiн соттан-сотқа сүйреледi. Қаржы полициясына бiрнеше рет арыз жазып, ардагерлер кеңесiнiң қаржысын тексертiп, түк шығара алмады. Ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Т.Ағманов пен жұмыспен қамту бөлiмiнiң бастығы Қ.Iлесовтi қылмыстық жауапқа тартылатын болды деген мәлiметтердi ауызша да, жазбаша да таратумен болды. Арыз-шағым жазу былай тұрсын, мынандай өлең жазып, “Сексеуiлдiң шоғы“ атты кiтабына енгiзiптi: Ақымағы көп Ақ Орда, Арқырап келiп енермiн, – дейдi. Бiз бiлетiн Ақ Орда Астанада. Осылай орынсыз күйе жағу оның әдетi секiлдi. Сықырлап тұрған сым аяқ, Тықылдап тұрған балдақ бар, – деп кiмдi айтып отыр? Осы өлеңнiң келесi бiр шумағында көкесiне арнап: Көлбақа сынды көлгiрсiп, Көргенсiз көкем не дейдi, – дептi. Оқып отырып ойға қаласың... Шардарада тұратын А.Байджанов, Қ.Қафар, А.Искандеров, Т.Қоянбаев, Алатау батыр ауылының тұрғындары–Қ.Эсбосынов, К.Төлегенов, С.Иманбай, А.Бейсеновтер кезiнде Жұмабектi қолдап, осы өңiрге танымал, өзiндiк көзқарасы бар, өз ой-пiкiрiн ашық айтатын, аудандық мәслихаттың депутаты болған, мейiрiмi түссе қолы қысқаларға қол ұшын беретiн, серiлiгi тағы бар, Жаңбырбек Салықбаевтың ар-намысына тиетiн сөздердi пайдаланып, “Ар-Даққа“ мақала жазғаны үшiн 150 мың теңге моральдық айыппұл төлегенiн оқырмандардың бiлмеуi мүмкiн. Ал Жұмабектiң тағы бiр пiкiрлесi, қолдаушысы болған Ә.Қасымбековке (марқұм) де орынсыз шоқ басқаны үшiн сот 50 мың айыппұл салса, аудан әкiмiнiң ар-намысына тиетiн сөздердi қолданып жазған мақалалары үшiн сот Жұмабекке 20 мың теңге айыппұл салып, дәлелсiз жазған мақалалары үшiн “Өскен өңiр“ мен “Ар-Дақ“ газеттерiнде терiске шығару жөнiнде шешiмi шыққан болатын. Жақында сот шешiмiн орындамай жүрген борышкер Ж.Мұқановты Астана қаласы Сот актiлерiн орындау Департаментi шақыртқандығы жайлы хат келдi. Хатта “Атқару парағын орындау кезiнде борышкер Ж.С.Мұқанов 2012 жылдың 15 наурыз айында Астана қаласы Сот актiлерiн орындау Департаментiне шақырылды. “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы“ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес оған атқару құжатын өз еркiмен орындау туралы ұсыныс берiлдi және түсiнiктеме алынды. Борышкер Ж.С.Мұқанов сот шешiмiн орындамаған жағдайда әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатыны туралы ескертiлдi“ делiнген. 12 сәуiр 2012 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының азаматтық және әкiмшiлiк iстер жөнiндегi қадағалаушы сот алқасының судьялары Е.Исмаилов, Н.Қайыпжанов, Р.Мамырбаевтардың қатысуында Ж.Мұқановтың шағымына сәйкес iс қараған. Сот алқасы Ж.Мұқановтың өз мақалаларында аудан әкiмiнiң ар-намысына тиетiн сөздердi пайдаланғанын дәлелдеп, Оңтүстiк Қазақстан облысы сотының касациялық сот алқасының 2011 жылғы 3 қазандағы қаулысын дұрыс деп тауып, Үкiм шығарған. Яғни, Ж.Мұқановтың талап-арызын Жоғарғы сот та қанағаттандырусыз қалдырыпты.

ЕСЕНБАЙ БЕЙСЕНБИЕВ.

www.baq.kz  ақпараттық порталы