ЕР МҰХТАРХАН ЕКІНШІ ӘЙЕЛ АЛЫП, ТОЙ ЖАСАДЫ… Облыстық білім басқармасы бастығы Альбинаға орамалды бірінші әйелінің өзі салды… Міне, саған оңтүстік!

13
9546

 

                                

 

Қай ғасырда айтылғаны белгісіз «Қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса үй салады» деген сөз бар емес пе, ел арасында. Ал бүгінгінің бай қазақтары өзбек ағайындарды басып озып, үй ғана емес салтанатты сарайлар салып тастағанын көзімізбен көріп жүрміз, күн сайын. Тіпті алыс шет елдегі теңіз жағалауларына қымбат виллалар тұрғызып жатқан жаңа қазақтар да жетіп артылады. Сонымен қатар қазақ атамыздан мұраға қалған «қатын алу» дәстүрін де әжептәуір жаңғыртушылар жетеді, арамызда. Біраз уақытқа дейін тоқал таңдау үрдісі ел көзінен тасада, көмескілеу жүріп келе жатыр еді. Енді міне, батылы жеткендер жұртқа жария етіп, тоқал алып той жасап жатыр. Шымкентте қазақтың белгілі боксшысы Мұхтархан Ділдәбеков екінші әйелін алып, дүрілдетіп той жасапты. 

 

Естіген құлақта жазық жоқ, Мұхтархан мырзаға тоқал алуға бірінші әйелі Жанар ханым өзі қолғабыс тигізіп, жас келіннің мойынына орамал салған деседі білетін жұрт. Бәйбіше ұйғарған соң «қонақта ес бар ма, май берсе де жей береді» дегендей батырымыздың буыны былқ ете түссе керек-ті. Оның үстіне күрзі жұдырықты жігітіміздің дүркіреп тұрған атақ-абыройын қосыңыз. Мұхтарханның бірінші әйелі Жанар өмірге үш бала әкеліп, тәрбиелеп отыр.  Бет моншағы үзілген жас келін де осал жерден емес. Білдей бір Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы. Демек Мұхтархан Ділдәбековтің екінші әйелі – Альбина Елшиева («тоқалы» деген сөзге ауыз үйренбей жатыр). Сонымен боксшының екінші рет үйлену тойы Шымкенттің «Манчестер» деп аталатын мейрамханасында дүркіреп өткен көрінеді. Тойға шамамен 250-дей қонақ шақырылыпты. Ал Альбина бикештің ұзатылу тойы оның алдында 8 наурыз күні аталып өтсе керек-ті.

Мұхтархан Ділдәбековті кім білмейді? Сидней Олимпиадасының күміс медаль жүлдегері. Халықаралық талай жарыста ұлттың намысын жыртып, қоржынға жүлде салған саңлақтардың бірі. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт мектебінің директоры. Соңынан ерген інілеріне жол сілтеп, спорттың қыр-сырын үйретіп жүрген ұстаз. Ал алып отырған екінші әйелі  Альбина Елшиеваның атқаратын қызметі тіптен жауапты. Республикадағы ең іргелі облыстардың бірі ОҚО-ның білім басқармасын басқарып отыр. Ол кісінің жүріс-тұрысы мен тәрбие, мәдениетіне бүтін бір өңірдің көкөрім жастары қарап отырғаны сөзсіз.  Сөйтіп отырғанда бір облыстың бас мұғалімі тоқалдық жолды таңдайды. Ата дәстүріміз бен асыл дінімізде ер адамға 4 әйелге дейін алуға болатындығы айтылғанымен  біздің елдің заңында екінші әйел алуға рұқсат берілген жоқ. Бұл өзі күрмеуі қиын, ауыр сұрақ болып тұр біз үшін…

Өткен ғасырды еске алмағанда осы жаңа ғасыр басталғаннан бері де бәйбіше-тоқал  әңгімесі дүркін-дүркін көтеріліп басылады, қоғамда.  Бұл өзі ауызында «бисмилләсі» бар діндар қауым арасында, екіжақтың келісімімен тыныш түрде, өте өнімді жүріліп келе жатқан іс еді. Парламент партасындағы көкелер де әрегідік бір шайқап қоятыны бар, бұл тақырыпты. Дегенмен арулар да «қалыспаймыз біз» деп «сес» көрсетіп жүрген. Енді міне дүйім жұртқа жар салып, той жасағандарды да тыңдап отырмыз. Бұл мәселенің де бір жағына шығатын уақыты жеткен сияқты. Сіз қалай ойлайсыз оқырман?

 Құралай БИБАЛА

Халық сөзі

*Мақала қысқартылып, тақырып өзгертілді

www.qazaquni.kz

 

 

13 ПІКІРЛЕР

  1. Бакыт Ана Гузель сендерге айтарым аш коздык жаксы нарсе емес сахабилердын заманындагы куншылдыктер сиякты гайбат толтырмандар журектерыне ол кешырылмес куна естерынде болсын осы!

  2. Ана деген кысыге айтарым. Шаригатта 4 айелге руксат берылген егер 4-н багуга шаман келсе занды сыз бузып жатсыз шаригаттын занын гайбат айтып !

  3. Курметты жамагат сыздер билмейтын коп сурак жауаптар бар, сол ушын билмегенды косып айтудын кажетты жок. Мухтарханды Жанар женгей озы уйлендырген ойткены ол кысы жазылмайтын дертпен ауыргансон ол бир , екыншыден сол адам Макенын перзентын дуниеге акелды кыз бала , оны Жанар женгейдын озы бесыке жаткызып озы шамасы келгенше карады , жаткан жеры жаннатан болсын , бирак оздерынше болмайтын ангимены естип неге анау мынау деген ангимены айтап алдын билып сосын айтыныздар . Баска самасын ! АЛЛАНЫН колында бары ! биреуге фитна такпай озын дурыс жолга салып гайбаттан арылтсын ! Ассалому алейкум !

  4. Мен озим 2 айелмин. Екинши айел Марселесин жарнамаламаныздаршы отинем. Екинши айелдин куни курысын. Жегеним таяк. Коргеним алакоздик. Екинши айел алу – елимиздин болашагына балта шабу. Балаларды Тири детим ету. Еки айелдин баласы еки рулы елмен тен.

  5. МЕН БИРЕУ ОТИРИК СОЙЛЕСЕ КАНЫМ БАСЫМА ШАБАТЫН ЖАНМЫН. КУРМЕТТИ КУРАЛАЙ БИБАЛА ХАНЫМ СИЗДИН ХАЛЫККА ЖЕТКИЗГЕН ИНФОРМАЦИЯНЫЗ ТОЛЫК ЕМЕС АРИ ОТИРИГИ АРАЛАС ЕКЕН. БИРИНШИДЕН ЖАНАРДЫН УШ ЕМЕС ТОРТ БАЛА-ШАГАСЫ БАР,ЕКИНШИДЕН ТОКАЛГА ОРАМАЛДЫ БАЙБИШЕ ЖАБКАН ЖОК,УШИНШИДЕН УЗАТУ ТОЙ БОЛГАН ЖОК ОЛ ЖАЙЛЫ МУЛДЕ СОЗ БОЛМАДЫДА,ТОРТИНШИДЕН ТОЙГА ЖУЗГЕ ГАНА ЖУЫК АДАМ КЕЛДИ. АЛЛА БУЙЫРТСА УШИНШИ РЕТ УЙЛЕНЕДИ,СОЛ КЕЗДЕ ЖАЛГАН ХАБАР АРАЛАСПАСЫНШЫ.

  6. Жоғарыда АНА деген кісіге- Сонда сіздің қызыңыз тұрмыс құрмай отырып қалса сауып ішесіз бе ?
    Қайдағы заң деп отырсыз заңды бұзған адамды іздейтін болсаңыз жоғарыда отырған кісілерден іздеңіз. Қаттының шашы ұзын ақылы қысқа деген осы екен

  7. Мұхтарханның бұл әрекеті жадыға сыймайтын әрекет. Халық сыйлады екен деп жат қылықтар істегеніне жөн болсын. ОҚО-ның білім басқармасын басқарып отырған Альбина Елишева әріптестеріне қандай ақыл кеңес береді екен. Мұндай кісілер білім саласында, ұрпақ тәрбиелеп отырған жерде істемеу керек.

  8. Екiншi айел алу дурыс емес, зан да жок. Зан бузыганы ушiн жауап беру керек. Казак халкынын намысын коргаган Мухтархан озi зан бузып жатса, сумдык кой. Осындай бассыздык жол алса бiздiн кыздарымыздын болашагы не болмак? Мен кызымнын екiншi айел болганын каламаймын. Дурысын айтканда Мухтархан зан бузган адам, Казахстаннын занын сыйламаган адам калай калай директор болып отыр?

  9. Біз кәрі қыздар қауымы, екінші әйел алып, той жасауды бастағаны үшін Мұқтарханға рахмет айтамыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз