Нұртай САБИЛЬЯНОВ: Жалғызбасты әйелдерге – баспана!..

        Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов ҚР Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокиннен жалғызбасты әйелдерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды өтінді. ҚазТАГ мәліметіне сәйкес, депутаттың сөзіне қарағанда, халық қалаулысына аталған мәселе бойынша сайлаушылардан көптеген сауалдар келіп түсуде. «Бұл хаттарды «аяққа тұру үшін» тұрмысқа шықпай қалған «кәрі қыздар» жазатын болу керек», - дейді Сабильянов. «Осылайша уақыт өткізіп, қазір жастары 40-тан асқан әйелдер. Не баласы, не үйі жоқ. Біздің жалақылармен несие берілмейді. Үйі жоқ болғаннан кейін өздері үшін де бала тууға батылдары жетпеген. Отырып қалған қыздар – азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалмаған бөлігі. Осыған байланысты аталған мәселені қарастыруыңызды сұраймыз», – деді азаматтардан келген хаттарға түсініктеме берген депутат.