Аягөзде болған жарылыстың алғашқы ресми нұсқасы алынды

0
779

 

Шығыс Қазақстанның ақпараттық орталығы Аякөзде болған жарылыстың бірінші ресми нұсқасын таратты.
«Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөзде орналасқан «Шығыс» аймақтық қобласшылығының 10-800-10 құрлықтағы әскери бөлімінде болған жарылыс себептері мен жағдайларын тексеру жұмыстары өткізілуде. Төтенше оқиға салдарынан 4 әскери қызметші: 1984 жылғы Дәурен Құлыбаев, 1990 жылғы Геннадий Аллес, 1991 жылғы Асылжан Қапасов пен 1989 жылғы Анатолий Москалев түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алды.
Ұсынылған ақпарат бойынша, әскери қызметке Қарағанды облысынан шақырылған Г.Аллес алған дене жарақаттарынан есін жинамастан Аягөз әскери ауруханасында көз жұмды.
Қалған зардап шегушілер Аягөз аймағының әскери ауруханасына жеткізілді. Д.Құлыбаев миналық-жарылыстық жарақаттану түріндегі дене жарақаттарын алу, оң жақ жіліншігінің ашық сынуы, оң жақтағы білегінің көптеген жарақаттары, травмалық есінен айырылумен түсті. А.Қапасовтың (Қарағанды облысынан шақырылған) сол жақ аяғының бір бармағы кесіліп қалды, беті мен аяқ-қолдарының көптеген жарақаттарын, травмалық есінен айырылды. А.Москалев (Қостанай облысында шақырылған) миналық-жарылыстық жарақаттар алды, беті мен аяқ-қолдары жараланды.
Қазіргі кезде жарылыс жағдайлары анықталу үстінде, оқиға орнына ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасының тергеу-жедел тобы, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери полициясы, Аягөз гарнизонының прокуроры шығып үлгерді, сот-медициналық сараптама тағайындалған», – делінген бірінші ресми хабарламада.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз