ОЗЫҚ ОЙЛЫ және БЕЛСЕНДІ ПІКІРМЕНДЕР

     Біз бұдан былай әр аптаның соңында бір аптадағы мақалаларға жазылған өткір де, ойлы, озық пікірлерді жариялап, белсенді оқырмандар атын атап отыратын боламыз. Бұл жолы 20 наурыздан -  01 сәуір арасын қамтыдық. Сонымен, он күннің ішіндегі ел көңілін аударған он мақалаға жазылған озық ойлы пікір иелері мен белсенді авторларымызды таныстырамыз.

... АЩЫ ШЫНДЫҚ НАМЫСЫ БАР, БҰТЫНДА ШАЛБАРЫ БАР КЕЗ КЕЛГЕН ҚАЗАҚ АЗАМАТЫН ОЯТАР ДЕП ҮМІТТЕНЕМІН!...

 

“МЕН ТАТАР ТІЛІ ҮШІН КЕЗ-КЕЛГЕННІҢ КЕҢІРДЕГІН ҚИЮҒА ДАЙЫНМЫН!” Эльмираның ерлігі талай Татардың ғана емес, бүкіл Түркінің намысын жанып, ортақ рухына қозғау салды.»  Авторы-Жолымбет Мәкішев.

«Защита русского языка патриотизм, защита казахского языка национализм!» Итальяндық “Ренко” компаниясының президенті Ринальдо Гаспарини мырзаның: “Мен әлемнің 141 елін аралаған жанмын. Солардың ішінде өз мемлекетінде отырып, өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім, ол қазақ халқы екен”-деген сөзі көкірегінде намысы бар қазақтың шамына неге тимейді!.

Белгісіз  29.03.2012

  Қазақтың орысқа осылай итше байлануы, құлдығы, құлай берілгендігі, орыс тілін акцентсіз сөйлеуге тырысып, маймылдай құбылуы – “қандай жиіркенішті, өкінішті, опасыздық”   (Майя Плисецкая).

Белгісіз  29.03.2012

Бүкіл түріктің басын біріктіретін Тұлға осы ғасырда шығуы керек..Әйтпесе тым ұзаққа созылып кетті ұйқымыз. Ұлымыз құл болды, қызымыз күң болды. Тәңір қолдап, Түріктің шаңырағын қайта тіктейтін уағы да алыс емес екенін ішім сезеді..Шіркін сондай тұлға шыға қалса,қоңыр салқын төске алып, қоңыраулы найза қолға алып, бабаларымыздың байрағын ұстап, Еуропаны тағы бір шаңдатарма едік..Әй қайдам. Енді идеялық тұрғыда ауызбіршілік болуы мүмкін, бірақ түгел түрік бір тудың астынан табылмайды

Патриоттар 30.03.2012

ЕБ ағзамның өткендегі сол сөзінен кейін қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесінен айырылды десе де болады. Енді екі тіл де мемлекеттік тіл. Кім қай тілде сөйлесе еркі біледі. Расымен де ешкімді тек қазақша сайра деп міндеттей алмаймыз. Есіме түсіп отыр, Париждың Шарль де Голль атындағы әуежайында “1-терминалдан 2-терминалға қалай өтем” деген сөзді ағылшыншылап сұрап, сол жердің қаншама қызметкерінен тек қана французша жауап ала алдық. Және құрғырлар ағылшынша түсініп тұрып, бүкіл ықыласымен күлімдеп тұрып французша жауап беретінін қайтерсің! Нағыз біздің Рузажан сияқты қайтпас қайсар азаматтар екен. Ай, Күн, Жер орнында тұрғанда бізде де түбі солай болар. Күтейік. Басқа амал жоқ. Қыртымбай.29,03.2012

  Құрметті Руза апай сіздің, қазақтың тілін, құқығын қорғап әрқашан аянбай еңбек етіп, маңдай теріңізді төгіп жүргеніңізді “Жас қазақ үні” газетінің сайытынан оқып,қолдап отырамыз.Осындай арқа сүйер ағаларымыз,апаларымыз бар деп мақтан тұтып,әліде үміт отын сөндіргіміз келмейді.Қалада мұндай теперішті күнде қадам сайын кезддестіреміз, құса болып кетпесек игі еді.Көбінде балалар ойнап демалатын орындарда қазақтың әдемі келіндері-басқа тілді,балалары-да, қазақ тілді балаларға мұрындарын шүйіріп,менсінбей қарап,балаларын алшақтатып,өз тілін сезбей өзге тілді болғанына аспандап тұрады.Қазақша білмейсіңдерме- үйренуге болады ғой, балаларда өз ана тілінде білу керек десең, ұлтшылсың сотқа берем деп шығады. Болашақ жастардікі дейміз солармен көп жұмыс істеу керек, болмаса жаңағы бүлдіршіннің тілінің болашағы қауіпті.Бұл деген Қазақтың қауіпі.Тіл үшін күресу азаматтық намыс, азаматтық парыз және міндет деп білемін.Руза апай өзге тілді қазақ жастарының өз тіліне, ұлтына құрметпен қарап мойынсынуына ат салысып көмектесейік.

Жанат 29,03.2012

Жалпы алғанда кім қарсы екенін барша ел білу керек. Фамилиялары жариялау керек. Қазақ тіліне қарсы шенеуіктер жұмыстан кетулері керек. Телеарналарда қазақша-орысша жүретін бағдарламаларды тоқтату керек, себебі орыстар тек Ресейді көреді. Жеке ойым: президент қолдайды, қарсылар оның айналасына жиналған топтар ғана.

Бектас  29,03.2012

Мұндай ұлттық намысы зор ханшайымды ұлттық намыстан жұрдай біздің хан алса, намысты мұрагер туады. Кеңесім тегін екенін ескертемін.

Сейхун 01,04,2012

Қазыбек ИСА. ТАТАР ТІЛІ ҮШІН ТАРТЫСҚАН ЕР ТҮРІКТІҢ ЭЛЬМИРАСЫ ЕЛ НАМЫСЫН ОЯТТЫ! Біздің торайдың «баю-баюымен» ұйықтаған «толеранттық» тордағы «құл қазақтар» енді қашан оянар екен?!.

Күн өткен сайын оңалатын шығармыз деген үмітіміз сөніп бара жатқандай. Зырылдаған уақыт 20 жылды артқа тастап барады. Оңатын түріміз жоқ сияқты. Өңшең мәңгүрттер, ездер, парақорлар, сатқындар елдің барша саласын байлап алған секілді. Еліміз қараусыз қалған бақшадай болып тұр, Егемен еліміздің еккен жемісінің орнына қаптаған арам шөп басқан, арасын шырмауық байлап нуға айналып барады. Қазыбектің ашына айтқан ащы шындығы намысы бар, бұтында шалбары бар кез келген қазақ азаматын оятар деп үміттенемін. Намыс қайда, уа жігіттер, қайда намыс?! Аруақ!- деп ұран шықса қозатын. Көтеріңдер туын, қазақ, намыстың Қозған кезде атқан оқтан озатын!

Бектас 03,30.2012

  Қазақ елінде жүріп қазақ тілінде қызмет көрсетілмеуі суы жоқ моншаға түсу… моншаға кіріп су сұраумен тең… су сұрап жексұрын атанумен тең… Тәуелсіздікті ана тілімізде еркін сөйлесу үшін алмап па едік?!

Қонақ  29,03.2012

Екі-үш жыл бұрын бір оқырманның “Қазыбектің жазғандарын оқысаң, Ақорданың алдына барып, асылып өлгің келеді” дегенін интернеттен оқыған едім. Енді мына жанайқайын оқып, атқа қонғың келеді екен…

Бейбарыс 30,03.2012

МЕНІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМ ҮШІН ҚОРЛАҒАН БҰЛ МАСҚАРАҒА КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ? Әлде, БІЗ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ КӨРШІ ЕЛГЕ ӨТКІЗІП ЖІБЕРДІК ПЕ?!.  Руза Бейсенбайтегі

Құрметті Руза апай сіздің, қазақтың тілін, құқығын қорғап әрқашан аянбай еңбек етіп, маңдай теріңізді төгіп жүргеніңізді “Жас қазақ үні” газетінің сайытынан оқып,қолдап отырамыз.Осындай арқа сүйер ағаларымыз,апаларымыз бар деп мақтан тұтып,әліде үміт отын сөндіргіміз келмейді.Қалада мұндай теперішті күнде қадам сайын кезддестіреміз, құса болып кетпесек игі еді.Көбінде балалар ойнап демалатын орындарда қазақтың әдемі келіндері-басқа тілді,балалары-да, қазақ тілді балаларға мұрындарын шүйіріп,менсінбей қарап,балаларын алшақтатып,өз тілін сезбей өзге тілді болғанына аспандап тұрады.Қазақша білмейсіңдерме- үйренуге болады ғой, балаларда өз ана тілінде білу керек десең, ұлтшылсың сотқа берем деп шығады. Болашақ жастардікі дейміз солармен көп жұмыс істеу керек, болмаса жаңағы бүлдіршіннің тілінің болашағы қауіпті.Бұл деген Қазақтың қауіпі.Тіл үшін күресу азаматтық намыс, азаматтық парыз және міндет деп білемін.Руза апай өзге тілді қазақ жастарының өз тіліне, ұлтына құрметпен қарап мойынсынуына ат салысып көмектесейік.

 Жанат  29 наурыз

Тілімізді қорламайық, өзіміз қор болмайық десек, бізге жай әншейін билік басындағыларды ауыстару ғана емес, жүйені түбегейлі өзгерту -  төңкеріс  жасау керек. Қазіргі биліктің ең “дөкейінен” бастап қазақша, өзі басқарып,бүкіл қызығын, рахатын көріп отырған мемлекеттің мемлекеттік тілінде сөйлемейінше, көсегеміз көгермейді. Тіл елдіктің (мемлекеттіктің)- негізі. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тілі жоғалған жұртттың өзі де жоғалады. Руза қарындасымның жан айқайы жанымды ауыртып жіберді. “Ойда он сиырдың мүйізі қақсаса, қырда қырық сиырдың мүйізі қақсайды” деген қазағым данышпан екен ғой!

Баян  29 наурыз

Дулат ИСАБЕКОВ:  20 ЖЫЛДА БІТІРГЕНІМІЗ БОЛАШАҚҚА ЖАҒЫМПАЗ, ҚОРҚАҚ, ӨТІРІКШІЛЕРДІ ҚАЛДЫРЫП БАРАМЫЗ…Олар басқа ұлт өкілі басқарса да, кез келген билiкке иiлiп өмiр сүре бередi…

Түбегейлі өзгеріске қазіргі ағартушылардың қолынан келмейді. ондай іс. Ағартушыларды тыңдайтын бір “қырыпсал” ортаға келмесе. (өз қазағымыздың аяусыздығы, көзқарасы, өлген адамды тағы атсам ба деген сөзi, “қазаққа не болған?”) – АҚША барлығының құндылығын астан-кестен қылған, елдерді жұтқан. Бар жоғы құндылықтың ауысып кетуі, елдің аманат құндылығына, басқа жаулап алған құндылықтың келуі, енді теуіп шығара алмайсың. Әйткені, құныққан адамды емдеу қиын. Кезінде аманаттың қалтқысыз орындалуын ұзілмей ұрпақтан-ұрпаққа жетуін нақты ақ сақалына сай кемел қариялар қадағалап отырған. Бүгінде қарияның өзі саңдалып жүр, азық тауып күн көруді қиындатып бас-басына атаң түйе көтере алмайтын ауыртпашылықты адам басына төгіп берді. Осы адасқан, бодан қылған демократия құндылығы! Қазақтың ежелден келе жатқан адамгершілік пен ұят құндылығының еш салыстыруға келмейді. Мәселе осыны жанғыртамын деген адам жоқ. Біреуге қарап жалтақтап өз тілін көтеруге қоян жүні көтеріліп өзінен-өзі қорқып отырған елден, ертен батыл қадам жасайтын құқықтық тәртіпті ұяттық тәртіпке келтіретін үлкен жұмысқа, нақты ұрпақ келу керек шығар бәлкім. Әттең елдің осындай кезге жеткендігін көзім көрсе арманым жоқ болар еді. Қайтеміз құлқын билеген заманда баласы сатып кетседе таң қалмайтын болдық, масқаралығы бұдан сорғысы не болар екен деп ойға келу екен.

 Қыпшақ 27,03.2012

Қазыбек ИСА. АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ…

Ертісбаев өз есімінен “Ертіс” деген тулап ағатын қазақтың керемет өзененінің атын және қазақтың “бай” деген есімдерге жалғанатын сөз тіркесін (себебі ол сөз тіркесі қазақтікі) алып тастасын. сонда оның есімі орыстың жалғауы “Ев” болады. оның нағыз есімін “Ев” деп қою керек еді. әкесі қатты қателескен екен.

 Сәкен 29,03.2012

     

Рустамбек Абдурасулов: ӘР ҰЛТТЫ БІРІКТІРУ орнына БӨЛЕТІН АССАМБЛЕЯНЫҢ не қажеті бар?

  Жалпы ассамблея қазақ елінің тәлтіректеп тұрған кезінде құрылған. Дәл сол кезде басқа ұлттар жиылып қазақ мемлекетін тоз-тоз етуіне мүмкіндік мол еді. Қазір сәл-пәл аяққа нық баса бастадық. Енді ассамблеяның жұмысы билікті қазақтарға толық өткізіп, қазақтың діл мен тілін заңды айналымға енгізіп барып тарқауы керек. Бұдан кейін басқаша бағытта болса ассамблеяның керекгі жоқ.

 Бектас 27,03.2012

Мұрат ӘУЕЗОВ: КИРИЛЛИЦА – ОТАРШЫЛ ИМПЕРИЯНЫҢ ҚАРУЫ… Ал латынға көшкен елдер табысқа кенелді.

 

Бұл идеяны барша қазақтар қолдап іске асыруы керек. “Қырық бір жақ, қыңыр бір жақ” дегендей іштен кейбір қазақтар да қарсы шығуы мүмкін. Көбінесе ақша жағын айтып және барлық кітаптар орыс тілінде, сондықтан білімсіз қаламыз деп т. с. с. Бұның бәрі бос сөз екенін ұғынуымыз керек. Аталарымызды аз ғана уақыт ішінде екі алфавитке ауыстырып басын қатырғанда да ешкім өлген жоқ. Қазір елімізде мүмкіндік өте-мөте көп. Ақша жетеді, тек ұрлауды азайтсақ бұл жұмысты он орап алуға болады. Аудармашыларға да жұмыс жететін болады. Президенттің нұсқауы бар. Бұған тек тағыда сол шенеуіктер таза тормоз болатын сияқты. Егер оларға осы жұмыстан қалталарына қыруар ақша түіруге рұқсат етсе бір айға жеткізбей іске асырып жіберер еді ау шіркін…                                                                      Бектас 27,03.2012

КАЗАХСТАН ВОЗВРАЩАЕТСЯ В РУБЛЕВУЮ ЗОНУ. Дастан Елдес.

  Ертеде бір татардың молдасы айтыпты: “Қазақ сығаласа кірә”.Сол айтқандай, орыстар Кеден Одағы деп ,әуелі сығалап алды, енді “рублевая зона” дегені-біржолата Қазақстанға кіріп алып,”Төр менікі” -деп ойына келгенін істейді.Сонда біздің Тәуелсіздігіміздің құны көк тиын болмайды! Сонан кейін келер ұрпақ бізге “Қарғыс атсын!”-дейді

 Quanış Mwhitwlı 22,03.2012

 

«ЛЕНИНГРАДТЫҚ ӨРЕНІМ» ӨЛЕҢІ ҚАЛАЙ ТУҒАН? Біртуар қайраткер Нұртас Оңдасыновтың идеясын ұлы ақын Жамбыл мәңгілік жырға айналдырды.                           Гүлсім  Оразалықызы.

Нұрсұлтанды да өсірген Нұртас Оңдасынов екенін ел біледі. Қойшы болам деп, таяқ ұстап тұрған Әбіш Кекілбайға қалам ұстатып, Алматыға оқуға жіберген де Нұртас екені Әбіштің естеліктерінде айтылады. Ана жылы Қалила деген біреу рушылдардың айтақтауымен Нұртастай данаға жала жапқанда, Атырау мен Ақтаудан келген азамат қариялар Қалиланы қаратерге түсіріп,жағасынан алып, жаласына баспасөз бетінде кешірім сұратты… Ол туралы жала cұқбат-мақаланы жазған “Айқын” газеті де кешірім сұрады. Сұқбат-мақала “авторы” Құтмағамбет Қонысбай деген сауатсыз пақыр құтынан айрылып, қонысынан безіп кетті…

Жамбыл 01,04.2012

   

Нұртай САБИЛЬЯНОВ:  МЕН ӨЗІМ ДЕ 31  жасқа дейін ҮЙЛЕНБЕЙ ЖҮРДІМ… Жастарды 22 жастан үй болуға үйрету керек.

  Нуртай бауырым! Көкейінде көп арманы бар қазақтың азаматысың. Айтуға, іске асыруға мүмкіндігің бар. Үйленбегендердің проблемасы елдің проблемасы. Қазір қоғамда әсіре қызығушылық басым, батыс өміріне, байлыққа. “Алтын-күміс тас екен, арпа бидай ас екен” деген идея жоқ еліміздің саясатында. Қазақтың салт-дәстүрі, ұрпақты ойлау, сол арқылы елдің келешегін ойлау құрдымға құрып бара жатыр. Оның орнына батыстың гламуры, сайқалдары мен жәлептерінің қызықсымақ өмірі үлгіге айналды. Солардың өмірін қызық көріп соған ұмтылған қазақтарымыз жанұя, бала-шаға дегенді ойына да алмайтын болып барады. Бұған мемлекет еш әрекет етіп жатқан жоқ. Айтқан ойларың өте дұрыс, соған қосымша басқа да саяси іс-әрекетті дұрыс жүргізуіміз керек. Мысалыға алсақ, ақпаратта, теледидарда тек гламурға еліктеуді көрсетеді. Әсіресе теледидардың рөлі жоғары. Ал соған жол көрсетіп туралайтын азаматтарымыз қайда қарап отыр. Елді ойлап отырған жоқ секілді, оның орнына тойған қарнын сипап, тісін шұқып жан рахатына батып отыр. Кеше ғана приезиденттің алдына қыз-келіншектерді кездесуге алып келді. Кімдер олар? Соншалықты еліміздің адал арулары ретінде хан алдына баратын? Арасында бар әрине үлгі болатындары. Қазақша нақты сөйлеген орыстың ару қызы керемет. Ал Баян деген кім? Оның қып-қызыл трусиі бар екенін көрдім суреттен, денесінің сұлулығын көрдім. Сонда осы Баян жас қыздарымызға үлгі ететін тұлға ма, оны соншалықты әспеттеп Ақ Ордаға апарып сөз беретін? Ондай Баяндардан ауылдағы 5-6 бала туып, бала-шағасына ошаққа тамақ пісіріп жүрген кез-келген қазақтың келіндері 10, 100 есе артық емес пе? Топас саясатты ұйымдастырып жүрген кімдер жоғарғы жақта? Президент ондай іспен айналыспайды әрине. Бірақ осындай гламурды ұйымдастырып жүрген кімдер? Қазақтар ма, шүршіттер ме? Кімде болса олар қазақтың жауы, еліміздің жауы. Көп балалы қазақтың келіндері өте жоғары дәрежеде сыйлануы керек. Оларды ел болып сыйлауымыз керек. Асырай алмасаң неге туа бересің деген иттерді сотқа беру керек. Ондай сасық сөздер кеңес кезінен айтылып келеді. Бұған еліміз тосқауыл қоюы керек. Ақпаратта, теледидарда цензура болуы керек, көп балалы әйелдерді кемітетін іс-әрекеттерді. Олар еліміздің тамыры, оларсыз елдің келешегі жоқ. Тамырға кім балта шабады? Тек дұшпандар ғана шабады. Құрметті редакция, осы сәлемімді Нұртай бауырыма жеткізулеріңізді сұраймын.

Бектас 20,03.2012.

Аталмыш пікірмендермен бірге Мүсілім, Серікбай Маханұлы, ақын-сазгер, Әміржан, Ара, Баян, abai kazakh, Оқырман, Тұраш Әбіләкімқызы, Ашулы, А0ыл, Нұргүл, Жанашыр, Жалаңбас т.б. белсенді оқырмандарымыз болып табылып отырғанын хабарлаймыз.

 

Озық ой иелері мен белсенді пікірмендерге,

жалпы оқырмандарға алғыс айтамыз.

Сайтта сайысты да, салмақты ойларыңызды күтеміз!

www.qazaquni.kz