Эрнест Төрехан: ТІЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРІП ЖҮРГЕН – ӨЗІМІЗ

Сонау ертеректе алған құрылған «Қазақ тілі» қоғамы алғаш ашылыған күнінен бастап жұмыс істеппін. Сол жылдары «Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытудың 2000 жылға дейінгі бағдарламасы» қабылданды. Ол құжатты тұңғыш Президентіміз бекітті.

Өкінішке қарай, онымыз кішкене ұшқарылау дүние болып шықты. Оған салса, бүкіл Қазақ елі 2000 жылға дейін қазақша сөйлеп кетуге тиісті еді. Міне, көріп отырмыз ел Тәуелсіздігін жариялағанымызға отыз жылға таяу уақыт өтсе де, бұл ойымыз жүзеге асқан жоқ.

Рас, сәл де болса жылжу жоқ емес. Бірақ түрлі желеулермен тасбақа қимылындай миырт жүрістен жаңылар емеспіз. Өте өкінішті.

Бұдан кейін де Қазық тілін дамытуға бағытында қыруар қаржы бөлініп, арнайы бағдарламалар қабылданды. Одан да қайыр болмады.

Әрине, түрлі табиғи себептер бар шығар. Бірақ соларды түбегейлі зерттеп, қалайда қастерлі елдік мұраттар жолындағы кедергілерді жоятын уақыт болды емес пе!

Меніңше, көп кедергіні өзіміз жасап келеміз. Кінә өзімізден. Әлі күнге дейін іс-қағаздарын тек мемлекеттік тілде атқаратындай механизм жасай алмай келеміз. Биік кабинеттерде арамызда бір орыс жоқ болса да жиналыстарды орыс тілінде өткізетін әдеттен арылар емеспіз. Лсыған қарап, бүкіл министрліктер, облыс, аудан – бәрі солай жалғастырып келеді.

Біз, тегінде, жоғарыдан нұсқау күтіп, барлық тірлігімізді соларға қарап дағдыланған халықпыз ғой. Одан соң мемлекет ұлттық мүддені жандандыруға арнап қыруар қаржы бөліп отырса да, сол негізгі мақсатта толық жұмсалмайтынына көз жеткізіп келеміз. Сөйтіп сыбайласқан жемқорлық халықтың мінезін де өзгертті. Қазақ бұрын жәдігөй, жағымпаз адамдарды жек көрсе, бүгін, керісінше, соларды қолдап, соларша тірлік кешуге ұмтыла бастады. Ал мұндай жағлайда діттеген биік елдік мүдделерімізге жете аламыз ба! Тек қу құлқынды күйттеген ел сенің Тіліңнің, Діліңнің жайын не қылсын! Міне, әлі күнге дейін сөйтіп сорлап келе жатқандаймыз.

Эрнест Төрехан, Жазушы Қазақ үні https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html