Халқымыздың ардағы

Халқымыздың  ардақтылары, құрметті  ақ халатты абзал жандар! Соғыс кезінде батырлар бастарын  өлімге тігіп, отанын жаудан қорғаса, елімізді дерт жайлаған қиын күндерде сіздер  өмірлеріңізді қатерге байлап індетпен күресіп жатырсыздар. Бұл ерліктеріңізді халқымыз мақтан етеді. Халықтың  нағыз жанашыры екендеріңізді көрсеттіңіздер. Біз сіздерді мақтан тұтамыз, мәңгі сіздермен біргеміз! Індет жайлап жерімді, Үрей билеп елімді, Қамалғанда қайғыға, Сүйеу  болған сенімді. Тек ізгілік  арманы, Ойлағаны ел қамы. Дәрігерлер, өздерің, Халқымыздың ардағы. Жаратылған намыстан, Қолы шипа данышпан. Батырлары заманның «Жалмауызбен» алысқан. Бүлінбесін іргеміз, Деп тілейміз күнде біз. Жанашыры халықтың, Біз сіздермен біргеміз!   Иманғазы Нұрахметұлы,  Қазақ үні