Шымкентте үстемеақы алған дәрігерлер алғыс айтты
2020 ж. 14 сәуір
1480
0
Шымкентте үстемеақы алған дәрігерлер алғыс айтты. Олар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың вируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасы дер кезіндегі қолдау болғандығын жеткізді.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1290 медицина қызметкеріне үстемақы төленген, - деп хабарлайды baq.kz.
Бұл ретте мемлекеттің қолдауына ие болған үшінші мегаполистің дәрігерлері өз алғыстарын білдіріп жатыр. Соның бірі Шымкент қалалық жұқпалы ауруханалар ауруханасының медбикесі – Ғазиза Лесбекова.
Өз атымнан және осы жердегі дәрігерлердің бәрінің атынан президент Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдіремін. Қазір отбасымыздан жырақта жүріп, науқастарға қажетті ем-дом жасап, көмектесіп жатырмыз. Жергілікті басшылық тарапынан медицина мамандары арнайы жатақханамен қамтылған. Оған қоса еңбегімізді елеп, қаржылай қолдау білдіргені осындағы барлығымызды зор қуанышқа кенелтіп отыр, - дейді Ғ. Лесбекова.
Жалпы Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкері үстемақы алды. Медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 24 қызметкерге 8,7 млн теңге бөлінді. Екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшелерге, 845 медицина мамандарына 258,3 млн теңге бөлінді. Үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 421 медицина ұйымының қызметкеріне 51,3 млн теңге бөлінді.
Айта кетсек, үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері.