МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАП, БІР ТӘУЛІКТЕ 10 МЫҢ АДАМ ҚОЛ ҚОЙДЫ
2020 ж. 10 сәуір
7931
0
СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУДЫ ТАЛАП ЕТКЕН АШЫҚ ХАТТЫ ҚОЛДАҒАН ҚАЛЫҢ ЕЛГЕ ҚАТТЫ РИЗАМЫЗ!
Бірақ, "ҚАЗАҚ ҮНІ" САЙТЫ қайта-қайта АШЫЛМАЙ ҚАЛУДА?!.
БАСТАЛДЫ!
Иә, тағы да "Қазақ үні" сайтына шабуылдар басталды! Сайтымыз қайта-қайта жабылып қалуда! Бүгін таңертеңмен белгілі журналист, тіл жанашыры Бағдат Қожахметтен бастап, көп адамдар: "Сайттарыңызды блоктап тастапты, ашылмай жатыр" деп, телефон соғып, хабарлама жіберіп жатыр. Ұлт мүддесін қорғап жүрген тілектестерге көп рахмет! Қолдан келген қорғаныс амалдарын жасап жатырмыз!
Бұған кейінгі кездегі мемлекеттік тіл мәселесін көтерген шулы мақалаларымыз себеп болғанын сезіп те отырмыз. Әсіресе, кеше түсте қайта жарияланған "КОНСТИТУЦИЯДАН 7-баптың 2-тармағын АЛЫП ТАСТАП, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК!" атты белгілі ұлт зиялыларының Ашық хатына бір тәулікке жетпей сайтқа 50 мыңдай адам кіріп, 10 мыңдай адамның қол қоюы себеп болса керек! Тек менің фейсбук парақшамның өзінде осындай қысқа уақытта 2 мың адам қолдап, 1,5 мыңдай адам бөлісіп, 1,5 мыңдай комменттер жазылуы қатты әсер етсе керек!
Бұндай қатты шабуылдар "Қазақ үні" сайтына жиі болып тұрады! Сондықтан қорғаныс шараларына да үйренгенбіз. Мықты, қымбат қорғаныс құралын орнатуға жан-жақтан қаржыландырылатын орыстілді сайттардай мол қаржымыз жоқ. Қазақ байларының тілі басқа болған соң - тірлігі де жат!
Біздің қорғанысымыз - қалың елдің қолдауы! Сайт ашылмай тұрса, күтіңіздер, қайта кіріңіздер, Бізге қазір әр адамның қолы керек! Әр адам Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдаттыруға осылай өз қолдары арқылы әсер етіп, үлес қоса алады!
Мен Мемлекеттік тілді қолдаған Ашық хатты енң болмаса, 1 мыңға жеткізейік деп едім, бір тәулікте -10 мыңға жетті! Ел қатты қуануда! Біріксек, алмайтын қамал болмайтынына көзіміз жетуде!
"Қазақ үні" ұлттық порталының жұмысы да қалыпқа келеді! Қорғаныстан кейін, қарсы шабуыл басталатынын ұмытпаңыздар, , Бізге шабуыл жасағыштар!
Ал, Мемлекеттік тіл туралы заңды талап етіп, қол қоюшылар саны әйгілі жырымыздағы Алпамыс батырдай сағат сайын өсуде!
Қол қою жалғаса береді, халайық!
Ал, Сіз Мемлекеттік тілді қолдауға нешінші болып қол қойдыңыз? Қазақтың қазіргі амандасуы осылай болуы керек!Қазыбек ИСА,
Қазақ үні