Себепсіз серуен үшін 105 адам жауапқа тартылды

Көшедегі мақсатсыз серуен үшін 105 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулік ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлігіне сәйкес төтенше жағдайды бұзғаны үшін, атап айтқанда көшеде негізсіз жүргендері үшін 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 26-сы қамауға алынды, 32 адамға айыппұл салынды, ескерту 1 адамға берілді. Жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін шектеу шаралары қолданыла бастағаннан бері 105 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 46-сы қамауға алынып, 55 адамға айыппұл салынды. Кеше мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес 65 әкімшілік материалдар қарастырылды, оның ішінде әкімшілік қамауға алу – 31, айыппұл – 33, ескерту -1. Карантин басталғаннан бері қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы, 1-бөлімі) 19 наурыздан бастап 204 адам жауапқа тартылды, олардың 108-і қамауға алынды, қалғандарына айыппұл салынды. Сотпен карантин енгізілген сәттен бастап 411 адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 203 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 194 адамға айыппұл салынды, 14 адамға ескерту жасалды.