Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді
2020 ж. 06 сәуір
1352
0

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің ізгі амалы туралы облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев мәлімдеді.
"Димаш игі іс жасап, елордалық және ақтөбелік отбасыларға бес тонна азық - түлік жөнелтті", - деп жазды Кенжалиев.
Оның айтуынша, 100 отбасыға көмек көрсетілген.
"Міне, шынында игі істер осылай жасалады: жариялылықсыз, тыныш, тек жанның қалауымен және жүректің түкпірінен", - деді Димаштың Eurasian Fan Club фан-клубы.
Бұған дейін Димаш барлық қазақстандықтарды коронавирус пандемиясы кезінде үйде қалуға шақырды.