Қазақстанда 24 адам коронавирустан жазылып шықты
2020 ж. 01 сәуір
1510
0
Қазақстанда коронавирус дертінен 24 адам жазылып шықты, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«31 наурызда коронавирус індетінен Нұр-Сұлтан қаласынан 1 адам және Алматы қаласынан 1 адам емделіп шықты. Қазақстан бойынша жалпы жазылғандардың саны 24-ке жетті» делінген ДСМ мәліметінде.
Жалпы, қазіргі уақытта бұл індетті жұқтырғандар саны 348-ге жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 348 науқас тіркелді.