Бақытбол Берімбайұлы: Өз заңын өзге елдің тілінде қабылдайтын Қазақстаннан басқа ел бар ма?!

"Қазақ үні" ақпарат агенттігінде жарияланған белгілі ақын Қазыбек Исаның "Біздің ит қазақша біледі, биліктегілер ше?" атты мақаласы қоғам ішінде қызу пікірталас тудырды. Осыған орай белсенді Бақытбол Берімбайұлы редакциямызға өз пікірін жолдаған болатын. Автордың сөзін оқырманға ұсынуды жөн көрдік. *** Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды. Мемлекет құраушы ел мен жердің иесі қазақ ұлты. Халық санының 75 пайызы қазақ ұлты. Сонда туған бала да отызға келді. Мемлекеттік тіл қазақ тілі деп ата заңға жазып койдық. Сөйте тұра өз тілін білмейтін қазақ, мемлекеттік тілді білмейтін жұрттардың шовинст басқыншылардың билікте жүруі, бізді басқаруы қандай "сарабдал" саясат?! Өзбекстанда, Латвия, Литвия да бірде-бір өз тілін, мемлекеттік тілін білмейтін халқы жоқ?! Ал, бізде мемлекеттік тілді білмейтін, тіпті менсінбейтін, білгісі келмейтін шенеуніктер толып жүр. Ең сорақасы тәуелсіздікпен құрдастардың ішінде ана тілін білмейтін, ұлтқа қарсы жаулар арамшөпше қаулап көбейіп келе жатқанына не деуге болады?! Мұны қазақ іштен шыққан жау жаман, елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман деген!!! Түсінсем бұйырмасын, ит екеш итте қазақша үйреніп алғанда біздің биліктің көздеген мақсаты не?! Әлде басыну ма, қорлау ма?! Дүниеде бізден басқа заңын орыс тілінде дайындап қабылдайтын, бөтен елдің тілінде мемлекеттік ісін жүргізетін, мемлекеттік тілін білмей бастық болатын Қазақстаннан басқа ел бар ма?! Намыстан өртеніп өлетін жағдай ғой... Бақытбол Берімбайұлы, Қазақ үні