"Ақ жол-жастар" қанаты бес жылдық белесті бағындырды
2020 ж. 21 наурыз
1233
0
«Ақ жол» ҚДП, Маңғыстау облыстық әкімдігі мен Облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен, Ақтау қаласындағы «Ханшаһар» салтанат сарайында, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанаты 5 жылдық мерекесіне орай мерекелік шарасы өтті.
Шараға, Партияның Нұр-Сұлтан қаласымен Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар облыстық филиалдарының төрағалары мен белсенді жастары, өңірдің зиялы-қауым өкілдері, жастар ұйымдары мен оқу орындарының ұстаздары мен ата-аналар және "Ақ жол-жастар" жастар қанатының мүшелері қатысты.
Шара алдымен «Ақ жол» жастар театры қоржынындағы «Қыршын», «Елім деп өткен – Ер Жалау», «Махаббат мұңы», «Жұлынқұрт», «Ананың ақ сүті» атты спектаклдердің сүбелі сахналарынан үзінділер сахналанып, Партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлының бейнеқұттықтауымен басталды.
Сондай-ақ, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының 5 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы арнайы репортаж көрсетіліп, «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпазы, әнші-термеші Оспан Құлсымақ кешті Сәттіғұлдың термесімен тербеді.
Кеш барысында, Партия тұғырнамасында көрсетілген мақсат-міндеттерді орындауда салмақты үлес қосып, Алаш арыстарын ардақтау жолындағы жұмыстарды жүйелі жүргізіп, Еліміздің қоғамдық-саяси іс-шаралары мен жастар саясатын дамытуға үлес қосқан жігерлі жастарды және жастар қанатының атқарған жұмыстарына әрдайым тілеулес болған ата-аналар мен қолдау танытқан мекемелерге Партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлының алғыс хатын «Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің хатшысы Асылхан Төлеббергенұлы табыстады.
Сонымен қатар, Өңірде мемлекеттік жастар саясатының дамуына қосқан «Ақ жол-жастар» жастар қанатының мүшелері, Маңғыстау облысының әкімі С.Тұрымовтың, Ішкі саясат басқарма басшысы Е.Күмісқалиевтың және Облыстық жастар ресурстық орталығы директоры А.Фазылбекұлының алғыс хатымен марапатталды.
"Ақ жол-жастар" қанатының баспасөз қызметі
qazaquni.kz
