Үмітхан Мұңалбаева: Елбасы ел ертеңі үшін әрдайым алаңдайтынын көрсетті
2020 ж. 20 наурыз
1422
0
Бүкіл әлемге жайылған коронавирус індеті, өкінішке орай, Қазақстанға да төніп, күн аманда бірнеше азаматтарымыз осы ауруға шалдығып отыр. Әрине, адамзат тарихында мұндай дерттің талайы зауал боп төнген. Қазақ халқы да талай қиын-қыстау кезеңде небір сынақтан өткені белгілі.
Бұл індет біздің еліміз үшін тағы бір сынақ деп білемін. Осындай кезеңде біздің елдігіміз бен бірлігіміз қандай екені әсіресе айқын көрінеді.
Бүгін Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеу жариялап, тұтастығымызды тағы бір дәлелдейтін күн туғанын атап өтті.
Ия, әрдайым жүрегі жұртым деп соғатын сарабдал саясаткер бұл қиын кезеңде өз халқының қамын ойлап, қалың елінің ертеңі үшін әрдайым алаңдайтынын көрсетті.
"Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурс бар, қор да жеткілікті" - деді Елбасы өз үндеуінде.
Осы орайда біз Елбасы сөзіне құлақ түріп, бәріміз бірлігіміздің қаншалықты бекем екенін көрсетуіміз керек.
Үмітхан Мұңалбаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры