Алматыда екі жасар қыз коронавирус жұқтырды
2020 ж. 17 наурыз
1512
0
Алматыда коронавирус анықталған үш адамның ішінде екі жасар қыз бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
Бірінші жағдай - 2018 жылғы қыз. Ол 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазіргі уақытта ол Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.
Екінші жағдай - 1966 жылғы ер адам. Ол 10 наурызда Алматыға Мәскеуден ұшып келген.
Үшінші жағдай - 1956 жылға ер адам, ол да Мәскеуден ұшып келген.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 13 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 11-і - Алматыда, екеуі - Нұр-Сұлтанда. Тағы бір қазақстандық Германияда ем алып жатыр.