Министрліктегілер коронавирус жұқтыруы мүмкін деген әйел жайлы сөз қозғады
2020 ж. 12 наурыз
2298
0
ҚР денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысында карантинге жатудан бас тартқан әйел жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында жарияланды.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде карантинда болудан бас тартып отырған Жамбыл облысында тұратын әйел туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы мәлімет Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасына биылғы жылдың 8 наурызында келіп түскен. Т. есімді азаматшамен екі сағаттың ішінде байланыс орнатылып, ҚР заңнамасына сәйкес карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 8 наурызда медициналық қызметкерлер әйелді 14 күндік карантинге жапты. Бүгінде оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты, аурудың клиникалық белгілері байқалмады», - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Біртанов коронавирустың Қазақстанда әлі тіркелмегенін тағы айтқан болатын.