Елордада кәмелетке толмаған балалар автобуста тегін жүретін болды
2020 ж. 28 ақпан
1326
0
Елордада кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көлікпен тегін жүретін болды. Бұл туралы «CTS» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған барлық балалар елордада қоғамдық көлікте тегін жүреді. Біз осындай шешім қабылдадық», - деді компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.
Еске сала кетсек бұған дейін елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгергенін хабарлаған еді.
«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында Бекмырза Игенбердинов.