Максим Рожин ел тұрғындарын қазақ тілінің волонтерлері болуға шақырды
2020 ж. 26 ақпан
1625
0
Танымал қазақстандық журналист, блогер Максим Рожин Қазақстан азаматтарын қазақ тілін үйрететін волонтерлер болуға шақырды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Максим Рожин мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақтауы үшін барлық ел тұрғындарын қазақ тілінің волонтерлері болуға үндеп, тіл үйренгісі келетіндерге көмек қолын созуды ұсынды.
"Абай, Әуезов, Мағауин, Байтұрсынов, Дулатұлы, Тлендиев секілді тұлғалардың тілінде сөйлегісі келетін отандастарға қол ұшын созайық. Қазақ тілін насихаттайтын волонтер болайық! Достарымызға, әріптес, көрші-қоландарға қазақ тілін үйренуге көмектесейік", — деп жазды блогер фейсбук парақшасында.