Кәсіптік білімнің көкжиегі кеңейіп келеді

Еліміздегі қазіргі уақытта жүріп жатқан жаһандану мен индустрияландыру жағдайында экономиканың барлық салалары үшін кадрлар даярлауды жақсарту еліміздің мемлекеттік саясатындағы өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлаудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында WorldSkills қозғалысын дамыту жалғастырылады. ның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандығының беделін көтеру, техникалық кәсіптер, оның ішінде жұмысшы кәсібіне деген жастардың қызығушылығын арттыру. Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары принципиалды жаңа білім беру бағдарламалары мен прогрессивті оқыту технологияларын енгізуді, педагогикалық құрамның сапасын арттыруды көздейді. Жастарды кәсіптік даярлаудың үздік  тәжірибелерін анықтау және оларды Түркістан облысының кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу мақсатында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен әдістемелік орталықтың ТжКБ бөлімі Семей қаласындағы Электротехникалық колледж базасында облыстық ТжКБ ұйымдарының командалары «Дәнекерлеу ісі», «Электромонтаждау», «Өндірістік автоматика» және «Инженерлік графика CAD» құзыреттіліктері бойынша тағылымдамадан өтті. Қазақстанның білім беру саласында әлемдік тәжіриебедегі озық иядеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша ойлай алатын білікті мамандарға қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan-2019» V Республикалық чемпионаты өткен-ді. Түркістан облысынан аталмыш Чемпионатқа 38 құзіреттілік бойынша қатысқан 33 студенттің 17 жоғары дәрежелі білімі мен кәсіби шеберлігін, қабілеті мен біліктілігін ұлттық аренада таныта отырып, 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медалін және 9 «Үздік маман иесі» медальонына қол жеткізген еді. Соның нәтижесімен жалпыкомандалық есепте былтырғы жылғы 14-ші орыннан үздіктердің үштігіне ендік.   Пернекүл ЕРҚАСЫМҚЫЗЫ Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз хатшысы qazaquni.kz