Марқұм Дархан Әбдірахымның өлімі жайлы оның туыстары шындықты айтты

Қақтығыста қаза тапқан ауыл тұрғыны Дархан Әбдірахымның туыстары ұлымыздың оққа ұшқанын биліктегілер жасырғысы келеді деп наразы. Дұрыс ақпарат айтылмай жүр деген олар өз мұңын ашынған жұрт жаназа үстінде жеткізуге тырысыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның ">"Сөздің шыны керек" бағдарламасына сілтеме сілтеме жасап.

11 адамның өмірін қиған қақтығыс тек Масанчиді ғана емес, бұл ауылға жалғасып кететін Сортөбе, Ауқатты, Бұланбатыр ауылдарына да кесапатын тигізген. Сортобе ауылына кіре беріс жердің өзінен 4 адамның мәйіті табылған. Ғаламторға тарап кеткен кадрлар да сол жақта түсіріліпті. Осы жерде Әлжан ана ауылының 25 жастағы тұрғыны Дархан Әбдірахым да осы жерде жан тапсырған. Ол Алматыдан Қордайға жолаушы алып келген көрінеді. Соңғы рет әйелімен телефон арқылы тілдескен оны қақтығыс кезінде өлтіріп кеткен.

"Достарымның қасына барамын, мен сол жақта бауырларым бар деді", - дейді марқұмның әйелі.

Марқұмның жақындары балаларының оққа ұшқандарын көргендер болса да, бұл жайтты сарапшылардың жоққа шығарып отырғандарын айтып наразы. Қайтыс болған туралы анықтамада Дархан Әбдірахымның кеуде тұсының жарақатын алғаны, көп қан жоғалтқаны ғана айтылыпты.

"Жарақатын жанында пытыра оғының іздерін байқадық. Оқ үш жерден атылған: аяғынан, желкесінен, қолтығынан. Тура барып қолтық астындағы тамырға тиіпті", - дейді Дархан Әбдірахымның туысы.

Ал жаназаға келген елдің қарасы тым көп болды. Тіпті ашынған ел марқұмның денесін жер қойнына тапсырмай жатып, жерлеу рәсімі кезінде митинг жасады.

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты 25 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жағдайға қатысты қанша адам ұсталғаны жайлы құзырлы органдар тіс жармады.