18 ақпан -ЕЛ ҚАРЖЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЕРДІ ЕЛ БОЛЫП ҚОРҒАЙЫҚ!
2020 ж. 16 ақпан
6260
0
Триллион үнемдеймін деп түрмеге түскен Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтің атышулы сотында өткен айда 16 қаңтарда прокурор Саламат Сүлейменов өз айыптауын оқығаны белгілі. Адвокаттардың тергеу ісінің заңсыздығын, жалған да, жасанды дәлелдердің бәрінің күлін көкке ұшырған қарсы дәлелдерінің біріне де қарсы жауап бере алмай, тек жазып келгенін (жазып бергенін бәлкім) бас көтермей сыдыртып оқып шықты. Ислам Әбішевке 11 жыл, Серік Түкеевке 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады…
Сонда, мемлекет заңын қадағалаушы прокуратура мен сот мемлекеттің триллионын үнемдеген мемлекетшіл қайраткер Ислам Әбішевті талайдың миллиондарын жеп кеткен алаяқ Азамат Шаймерденовке жығып бермекші ме? Әлде Шаймерденов үнемделген триллионда «майлы сыбағаларынан» айрылған жоғарыдағылардың айтақтау құралы ма?
Бұған 18 ақпан күні соңғы сөзді айтатын сот жауап береді!
Сол күні сот залынан табылайық, халайық!
Ел қаржысын қорғаймын деп, жазықсыз күйіп бара жатқан Ерді біз де қорғап, араша түсейік, Азаматтығымызды көрсетейік, Әділдік іздеген әлеумет!
Сот 18 ақпанда сағат 16:00-де басталады.
Адресі: Нұр-Сұлтан қаласы, Ж.Омаров к. 57