
Волонтерлар болуға ниет білдіргендердің қарасы қалың. Әрбір адам өзінің қолынан келетін ісі бойынша мүмкіндігінше қарапайым халыққа қызмет көрсетуге тырысып келеді. Атап айтсақ, елордалық волонтерлер «Біз – біргеміз» жобасы аясында «Шапағат» және «Әсем» сауда орталықтарында тұрғындарға тегін құқықтық кеңестер беріп, көпшілігінің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Шараның өтуіне мұрындық болған Нұр-Сұлтан қалалық Әділет департаменті мен Қоғамдық даму істері басқармасы.
Аталмыш шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, азаматтарға консультациялық көмек көрсетуге волонтер-заңгерлерді тартуды көздейді.
«Іс-шара аясынлда адвокаттар, заңгерлер, сот орындаушылары, құқық қорғау органдарының басқа да қызметкерлері және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері қала тұрғындарына кеңес беру жұмыстарын жүргізді. 300-ден астам адам өздерін толғандырған маңызды мәселелер бойынша нақты кеңес алуға қол жеткізді. Осындай іс-шараларды айына бір рет тұрақты түрде өткізу жоспарлануда», – деді Қоғамдық даму істері басқармасының маманы А.Тастемір.
qazaquni.kz