Бас редакторлар жаңа басшысын сайлады
2020 ж. 15 ақпан
1529
0
Еліміздің ақпараттық саласын дамытуға, оның бағытын анықтауға өзіндік үлес қосып келе жатқан «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің кезекті жиналысы болып өтті.
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру - сайлау конференциясында Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі, белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексенбай кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ерлан Бекхожин президенттіктен ұйымның жарғысына сәйкес, өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына байланысты босатылды. Сондай-ақ «Бас редакторлар клубының» мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады. Олардың қатарында – «Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин, «Sakhara» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Кенжеболат Жолдыбай, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Вячеслав Пащенко, «Sport»-«Спорт» республикалық газетінің бас редакторы Дүрәлі Дүйсебай, белгілі блогер Ғалым Байтұқ бар.
З.Қабиоллаұлы
qazaquni.kz