Еріктілер құлшынысы ерекше
2020 ж. 10 ақпан
3001
0
Биыл «Волонтерлер жылы» жариялануына байланысты жастар республика бойынша «Біз біргеміз» акциясын бастап кетті. Оған қазірдің өзінде 50 мыңнан астам жастар үн қосып үлгерген.
Елордада волонтерлерге арналған тимбилдинг өтіп, олар алда атқарар жұмыстарын бағдарлап алды. «Мұндай жиындар аптасына екі рет өтіп тұрады. Мұнда жастар бапкер-волонтерлермен бірге жұмыс істейді. Бұл еріктілер кезінде Арысқа барып, жұмыс істеген. Шет елдерде ерікті болған жастар да бар. Яғни, олар шет елдерде оқығанда қосымша волонтерлықпен айналысқан», – дейді қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек. Оның айтуынша, елордалық волонтерлер түрлі салаларда адамдарға көмектеседі, жеті бағыт бойынша жұмыс істейді. Соның бірі «Сабақтастық» жобасы аясында еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де қамқорлық жасайды. «Астана жастары» қозғалысының айналасына 2 мыңнан аса еріктілер топтасқан. Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ерікті студенттері тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсеткен. Мұндай іс-шаралар республикамыздың өзге қалаларында да кең қанат жайып келеді.
qazaquni.kz