Парламенттік оппозиция туралы заң жобасы ұсынылмақ
2020 ж. 14 қаңтар
1713
0
Президент Қ.Тоқаевтың парламенттік оппозиция мәртебесін қалыптастыру туралы тапсырмасына сәйкес, «Ақ жол» демократиялық партиясы 2013 жылы әзірленіп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан жоғары бағаланған парламенттік оппозиция туралы заң жобасын жетілдіруде
Президент Қ.Тоқаевтың парламенттік оппозиция мәртебесін орнату туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2013 жылы дайындаған парламенттік оппозиция туралы заң жобасын алдағы апталарда ұсынады.
Заң жобасы халықаралық озық тәжірибелер негізінде және отандық парламенттік тәжірибені ескере отырып әзірленді. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократия және адам құқықтары бюросының 2013 жылы 28 наурыздағы № 120/03/2012 ресми пікірінде жоғары бағаланды.
2013-2014 жылдары Заң жобасын іске асыру мүмкін болмады. Алайда аталмыш заң жобасы күні бүгінге дейін «Ақ жол» партиясының күн тәртібінен түспей, партияның ресми сайтында жарияланды.
Фракция төрағасы Азат Перуашев 2019 жылы 15 тамызда «Время» газетіне берген «Перемены нужны и даже неизбежны» деген сұхбатында партияның осы заң жобасын жылжытуды жалғастыру ниеті туралы айтқан болатын.
«Ақ жол» партиясы Президент
Қ.Тоқаевтың парламенттік оппозиция мәртебесін орнату туралы тапсырмасы мәселені практикалық тұрғыдан шешуге құқықтық негіз жасады деп сенеді.
Осыған байланысты, «Ақ жол» Демократиялық партиясы заң жобасын қазіргі күннің шындығы мен Мемлекет басшысының жақындағы нұсқауларына қарай жаңартуды бастады. Содан кейін, заң жобасы парламенттік заңнамалық бастаманың бөлігі ретінде Үкіметке жіберіледі.
Атап айтқанда, 5 қаңтардан бастап, «Ақ жол» партиясы депутаттарының елдің әр түрлі аймақтарындағы сайлаушылармен кездесулерінде құжатты талқылау болады. Сонымен қатар, заң жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулерді dpk.akzhol.kz@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады.
2013 жылы әзірлене бастаған құжатты жаңарту бойынша жұмысты партия төрағасы Азат Перуашев басқарады.
Құжат туралы қысқаша ақпарат: заң жобасында Парламентте парламенттік көпшілікке ашық қарсылық білдіретін (оның ішінде заң жобаларына дауыс беру) және қазіргі үкімет құрамына кірмейтін саяси партиялар туралы «парламенттік оппозиция» анықтамасы енгізілген.
Парламенттік оппозицияның мынандай құқықтарын анықтау:
- өз депутаттарының арасынан Мәжіліс Төрағасының орынбасарларын және комитеттер төрағаларын ұсынады. Сондай-ақ, оппозиция үшін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау комитеті төрағасының лауазымын бекітеді;
- сыбайлас жемқорлыққа, заң бұзушылықтарға, технологиялық апаттарға және басқа да маңызды оқиғаларға қатысты парламенттік тыңдаулар мен тергеулерді бастауға;
- үкіметтік заңдарға балама заң жобаларын енгізу;
- парламенттік оппозиция өкілінің парламент отырыстарында сөз сөйлеуі;
- хабарлама түрінде митингілер, демонстрациялар мен шерулер өткізуге;
- бұқаралық ақпарат құралдарының тең жариялануы (оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырыс) және биліктің партиясымен тең бюджеттік қаржыландыру сынды басқа құқықтарын анықтау ұсынылады.
Жоба оппозиция депутаттарының өз өкілеттіктерін кедергісіз жүзеге асыруына және парламенттік иммунитеттен және мандаттан айырылудан тек өз фракцияларының келісімімен ғана қорғауға кепілдік береді.
Сондай-ақ, құжатта парламенттік оппозицияның «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген нормаларды сақтау міндеттері қарастырылған. Құжат туралы қосымша ақпаратты жоғарыдағы сілтемеден білуге болады.
«Ақ жол» демократиялық партиясы бұл заң қабылданған жағдайда республиканы одан әрі демократияландырады және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қарастырылғандай үкімет қоғам алдында есеп береді деп санайды.
qazaquni.kz