Белгілі ғалым полицейдің қазақ тілінде сөйлесуден бас тартқанына шағымданды

ҚР ІІД мемлекеттік тіл қазақ тілінің маңыздылығына күмән келтіріп, орыс тіліне басымдық беріп, мемлекеттік тілді екінші қатарға қоюға прецедент жасап отыр. Бұған куә төмендегі хат болар, мұқият қараңыз.

Осыдан біраз уақыт бұрын маған полиция қызметкері орысша тіл қатты. Мен оған "сол сөзіңді қазақша айтып берші" деп өтіндім. Бірақ полиция қызметкері маған: "Мен қазақпын, қазақша жақсы білемін, бірақ сізбен тек орысша тіл қатамын, себебі, қазақ тілі мен орыс тілі тең дәрежелі тіл, сондықтан сізбен саналы түрде ресми тілде сөйлесемін" дегені. Бұл сөзді қазақшасы тәуір полиция қызметкері айтып тұрған соң мен оған полиция қызметкері жұртшылықпен (егерде азамат қазақша сөйлеуге ынталы болса) мемлекеттік тілде түсініскені жөн дедім. Ал егерде полиция қызметкері қазақша біле тұра орыс тілін қолданса оғаш көрінеді деп, орысшылаған полиция қызметкердің үстіне Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне шағым түсірдім.

Құрметті баспасөз, полиция - мемлекет деген сөзден шыққан, ал Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментінің пікіріне сәйкес қазақ тілді ортада орыс тілінің қолданыс басымдылығы бар деп есептейді.

Бұл мәселе маңызды болғандықтан, Президентіміз Қ-Ж Тоқаевтың Мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы ескертуіне сәйкес, баспасөзде Мемлекеттік тілдің кәделілігі мәселесін талқылауға жарамыды деп есетеймін.

Әзімбай Ғали,

Тарих ғылымдарының докторы