Түркістан облысының прокуроры жетім балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Төлеби ауданындағы балалар үйінде болды. Онда 60-қа жуық ата-ана қамқорлығынан айырылған бала тәрбиеленуде.

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында тәрбиеленушілерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар таратылды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Жаңа жыл – ерекше мереке, ол әсіресе, балалар мейрамы! Әртүрлі себептермен ата-ана қамқорлығынан айырылған және денсаулығына шағымы бар балалар ерекше көңіл-күйді тудырады. Міне, сондықтан басқаларға қарағанда оларға көңіл көптеу бөліну қажет.

«Бүгін балаларымызды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар беруге келуіміз – олар мемлекеттің ерекше қайырымдық қамқорлығында екенін білдіру менсездіру болып табылады», - деді облыс прокуроры Н.Әбдіров.

Облыс прокуроры бұндай акцияларды меншік формасына қарамастан жағдайына қарай әрбір мекеме мен ұйымдар өткізе алатынын атап өтті.

Мәліметке сәйкес бүгінгі күні Түркістан облысында екі жүзге жуық бала тәрбиеленіп жатқан үш балалар үйі бар.