МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМ ТАРАПЫНАН БОЛАТЫН ӘРБІР ҰСЫНЫСҚА ҚҰЛАҚ АСАДЫ – САЯСАТТАНУШЫ
2019 ж. 20 желтоқсан
1481
0
Мемлекет қоғам тарапынан болатын әрбір ұсынысқа құлақ асады, деді Саясаттанушы Ерлан Саиров ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«Еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік саласында болып жатқан өзгерістер халықтың көңіліне үміт ұялатты. Осы өзгерістердің жалпы табиғаты, нақты мақсаты қоғамға түсінікті, елге пайдалы болған жағдайда мемлекет те, халық та ұтатыны анық. Бүгінгі таңлда Үлттық сенім кеңесі мемлекет пен халықтың арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарды», - деді ол.
Сондай-ақ, саясаттанушының айтуынша, түйіткілді мәселелер қарау мақсаты қойылды.
«Біздің кеңесте айтылған мәселелер бірқатар мемлекеттік органдардың назарына алынды. Бұл аспекті бізге өзіндік бір оптимизм беруде. Біздің жұмыс тобы әлеуметтік желілерде жоспарларымен бөлісті. Әртүрлі аспектілерді талдай отырып, азаматтық қоғамның өкілдерінің қатысуымен қоғамдық жұмысты жандандырып, жағымды динамикаға қол жеткіздік. Мемлекет қоғам тарапынан болатын әрбір ұсынысқа құлақ асатынын көрдік. Бұл уақыт аралығындағы ақиқат қоғам мен мемлекет арасындағы диалог біртіндеп маңыздылығын арттырып жатыр. Ұлттық кеңестің миссиясы мен жауапкершілігі қаншалықты маңызды екені түсінікті», - деді ол.