Шырша шырқыңызды бұзбасын
2019 ж. 14 желтоқсан
4401
0
Солтүстік Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күні ішінде 600-ден астам құқық бұзушылық анықталды.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күннің ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 64 адам, ішімдікке қатысты заңнаманы бұзған 8 адам ұсталған. 57 ата-ана баласының беймезгіл уақытта көшеде жүргені үшін жауап берді. Көлік жылдамдығын шектен тыс асыру, рөлге мас күйде отыру секілді құқық бұзушылықтар да жиі кездеседі. Сондай ақ ел аумағында болу тәртібін бұзған 33 шетелдік азамат анықталды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тәртіп сақшылары қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға алды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері шыршаны кескендерге әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын ескертеді. Айыппұлдың мөлшері жеке адамдарға 75 мың теңге болса, лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге 30-дан 500 АЕК-ке дейін. Бір қылқан жапырақты ағаш 37 мың теңгеге – 15 АЕК бағаланған. Егер келтірілген шығын мөлшері 100 АЕК асып кетсе, тәртіп бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өкінішке орай, жаңа жыл қарсаңында шыршаны заңсыз отау жиі орын алып, туған табиғатымзға орасан зор зиян келтіреді. Біріншіден, бұл ата-бабамыздан қалған мереке емес, екіншіден, осы ескерту теріскейліктермен бірге еліміздің барлық аймақтары тұрғындарына қатысты. Шырша шырқыңызды бұзбасын десеңіз, осы ескертулерді есте ұстау қажет.
qazaquni.kz