Жансейіт Түймебаев: Тіліміз ұлтаралық тілге айналғанда ғана ғұмыры ұзақ болады
2019 ж. 12 желтоқсан
2522
1
Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді қолдау мен дамыту мақсатында қазақ тілін еркін меңгерген түрлі ұлт өкілдері мен жалпы халық арасында "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" челленджін бастады, - деп хабарлайды baq.kz.
Эстафетаны ресми түрде Жансейіт Түймебаев Алматы қаласы этно-мәдени бірлестіктеріне жолдады.
Тілге деген құрмет - елге деген құрмет. Бірер күннен кейін Тәуелсіздігімізді тойлаймыз. 28 жыл аз уақыт емес. Егемендіктің көрсеткіші - туған тіліміз. Тіліміз ұлтаралық тілге айналғанда ғана мемлекеттік тілдің ғұмыры ұзақ болады. Сондықтан да осы челленджді ұсынамын, - деді Түймебаев.
Бұдан басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы жергілікті жерлерде ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Абай 175 челленджінде үздік өнер көрсеткені үшін бірқатар азаматтарға ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғысхатын тапсырды.