Қазақстанда жол бойында 23 миллион теңгеге әжетханалар салынады
2019 ж. 05 желтоқсан
1583
0
Қазақстанда жол бойында 23 миллион теңгеге әжетханалар салынып жатыр. 2022 жылға қарай тасжолдарда осындай 304 нысанды салу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлттық оператормен бірге ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетімен бірлесіп 2022 жылға дейін демалыс алаңдарында 304 санитарлық-гигиеналық тораптарды (СГТ), оның ішінде 110 жолды қайта жаңарту учаскелерінде, 121 жолды пайдалану учаскелерінде және 73 ақылы жол учаскелерінде орнату бойынша бағдарлама әзірлеп, бекітті", - деп хабарлады компанияда.
Қазіргі уақытта 14 санитарлық-гигиеналық торапты салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы бір СГТ Щучинск - Зеренді тасжолында салынған, ал Нұр-Сұлтан - Павлодар, Жетібай - Жаңаөзен, Қарағандыны айналып өту жолында 11-і салынып жатыр, Шымкент - Тараз тасжолында екеуі салынатын болып келісімшарттар жасалған.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы демалыс алаңдарын дайындау, электр қуатын жеткізу және ұңғыманы игеру жұмыстарын жүргізді. Электр қуаты болмаған жерлерде баламалы энергия көздерін орнату көзделген.
Жаңа үлгідегі әжетханаларда су ағызудың вакуумдық жүйесі бар, күн сәулесінен қуат алу қондырғысы және басқа да "жасыл" технологиялар бар. Сондай-ақ, бұл әжетханаларды инвесторлар өз қаражатына тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады, бес жыл бойы санитарлық-гигиеналық тораптарды үздіксіз ұстау қарастырылған.
Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша инвестор - Qazaqtech ЖШС. Қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының активімен кездесуде жол бойындағы дәретханалардың қорқынышты жағдайына наразы болған еді.