Өскемен Тәуелсіздік күнін жыртық тумен қарсы ала ма? (видео)

Өскемен іргесіндегі тау басында орналасқан мемлекеттік рәміздер монументіндегі қазақтың көк туы жыртылып, сол күйінде әлі тұр.

Бұл туралы yk-news.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап "Қазақ үні" порталы хабарлайды.

Қала тұрғындары Мемлекеттік тудың жартысы ғана қалғанын байқап, видеоға түсіріп алған екен. Алайда, қала әкімдігі бұл жайттан хабардар екенін алға тартып отыр.

- Қазіргі уақытта қатты жел туды ауыстыруға кедергі келтіріп тұр. Желдің күші бәсеңдеген соң, ауыстырамыз, - деп ақталды әкімдіктегілер.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың өзінде ғана бұл монументтегі ту 8 рет ауыстырылып, оған 5 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған болатын.