Әділеттілікті қамтамасыз ете алмаған судья қалайша сотқа төрелік етіп отыр?
2019 ж. 22 қараша
5407
23
ҚР БАС ПРОКУРОРЫ Ғ.НҰРДӘУЛЕТОВКЕ АШЫҚ ХАТ
2019 жылғы 7-қарашадағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев пен «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының вице-президенті С.Түкиевке қатысты Астана қаласындаы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта өтіп жатқан кезекті сот отырысында судья Қ.Мекемтасқа И.Әбішевтің қорғаушысы М.Есқараев қарсылық білдірген болатын. Оның себебін де көрсеткен еді: «Біз сізге бұған дейін де екі рет қарсылық көрсеткен болатынбыз. Бірақ, бүгін сіздің 30- қыркүйектен бері біздің барлық өтініш-хаттарымызды қабылдамай келе жатқаныңызбен қоймай, бейтараптықты қамтамасыз етпей отырғаныңызға, сіздің айыптаушы жақтың мүддесіне жұмыс істеп отырғаныңызға анық көзіміз жетті. Сіз куә А.Шәймерденов өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнайы өтініш бермесе де, жай ауызша ғана айтса да, сіз оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырдыңыз. Бұл қойды қасқырға бақтырғанмен бірдей ғой! Неге Ішкі істер министрлігі бар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бар, солардың екеуінің біреуіне, бейтарап мекемелерге тапсырмай, істе мүдделі тарапққа тапсырасыз? Онымен де қоймадыңыз, сіз сол А.Шәймерденовтің қауіпсіздігі туралы қабылдаған қаулыңызда оны «қылмыстық әрекеттерді әшкерелеуі барысында» деп сипаттап, бүйрегіңіздің қай жаққа бұратынын әзірден көрсетіп қойдыңыз. Сот тергеуі әлі біткен жоқ, соның ішінде А.Шәймерденовтен жауап алу да аяқталған жоқ, ал, сіз жаңағыдай мәлімдеме жасайсыз. Сондықтан, сіз бұл сотқа төрағалық ете алмайсыз».
Қ.Мекемтастың орнына келген судья А.Шаяхметова « – Судья Мекемтасқа қарсылық білдірген кім?», – деп сұрады. «Мен» деп орнынан тұрған қорғаушы М.Есқараевқа «неге қарсылық білдіргеніңізді түсіндіріңіз» дегенде, ол: «Мен неге судья Мекемтасқа қарсылық білдіргенімді айтпастан бұрын, сіздің өзіңізге қарсылық білдіремін» деп, жауап беруден бас тартты. Судья Шаяхметова: « – Сіздің маған қарсылық білдіруге құқығыңыз жоқ!», – деді. «Неге жоқ? ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 87-бабында бұл жайлы толық жазылған» деген қорғаушы аталған бапты дауыстап оқып берді. «Құрметті сот, көрдіңіз ғой, мен 87-бапты толық оқып шықтым. Ол дәлме-дәл, сөзбе-сөз түсіндірілетін, орысша айтқанда, «буквально толковаться» етілетін заң. Біз соған сүйеніп, сізге қарсылық білдіріп отырмыз».
Судья, бәрібір, нақты заң бабына да тоқтаған жоқ. М.Есқараев тағы да әрекет жасады: «Сіз бұған дейін екі рет судья Мекемтасқа қарсылық білдіргенімізді қарағансыз. Екеуін де қанағаттандырған жоқсыз. Қаулы шығарған кезіңізде прокурордың аты-жөнін дұрыс айтпағансыз, сот құрамын дұрыс айтпағансыз, біз, Жүнісбаев екеуміздің атымызды атаған да жоқсыз. Сіз сот құрамын қате жариялағаныңыз үшін ертең апелляциялық сатыда судья Мекемтас жүргізген осы сот процесі тұтастай «заңсыз» деп танылуы мүмкін. Біз соны көрсетіп кейін шағым жазамыз деп айтқанбыз. Ол ол ма, сіз сол қаулыңызды сайтқа салған кезіңізде, қатеңіздің бәрін өңдеп қойыпсыз. Бірақ, сіздің оқыған қаулыңыздың тексті сот залындағы аудиовидео таспаға жазылып қалды ғой! Осылайша бір қаулыны екі түрлі етіп беріп отырған судьяға біз не үшін сенуіміз керек? Біз оған қалай қарсылық бермей тұра аламыз?!», – деген қорғаушы Есқараевтың пікірін, әріптестерінің оны түгелдей қолдағанын көре тұра А.Шаяхметова сот отырысын ары қарай жалғастырмақшы болды. Осы кезде қоғамдық қорғаушы М.Түкеев сөз сұрады: « – Кешіріңіз, құрметті сот, бірақ, сіз заңды бұзып жатырсыз! Сізге қарсылық білдірген кезде сіз бұл жерден кетуге тиіссіз! Сіздің орныңызға басқа судья келуі, сот отырысын ары қарай сіз жүргізесіз бе, басқа бір судья жүргізе ме, сол шешуі тиіс! Бұл – заң талабы!»
Дау бітпей, кешкі сағат 8-ге жақындағанда «біз алдымен сіздің өзіңіз жайлы сұрақты шешіп алайық» деген прокурор С.Сүлейменовтің ұсынысынан кейін, судья 9.11.2019 күні таңертеңге дейін үзіліс жарияланды. Ертесіне қорғаушы М.Есқараев: «Кеше осы жерде жарты күн дауластық – ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің «Судьяға қарсылық бiлдiру» туралы 87-бабына сәйкес біз сізге қарсылық білдіре аламыз ба, білдіре алмаймыз ба? Біз осы бапқа сүйеніп «білдіре аламыз» дедік, сіз оны мойындамадыңыз. «Қорғаушы судьяға қарсылық білдіре алмайды» деп заңда нақты көрсетілмегеннен кейін, біз олай етуге хақымыз бар деп білеміз. Аталған кодекстің 87-бабын айтпағанның өзінде, оның «Кінәсіздік презумпциясы» туралы 19-бабының 3-бөлімінде былай деп жазылған: «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс». Ендеше, сіз біздің өзіңізге қарсылық көрсете алатынымызды мойындаңыз, біздің судья Қ.Мекемтасқа берген қарсылығымызды басқа судья қарауын өтінеміз».
Судья прокурордың пікірін сұрап еді, ол алдыңғы пікірінен айнып, «қорғаушылардың судьяға қарсылық білдіруі кодексте нақты көзделмеген» деді. Судья сотты жалғастыра бермекші еді, қорғаушы М.Есқараев «мен сіздің үстіңізден ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановқа арыз жаздым, мен сол арызға жауап келгенше сізге жауап бермеймін, одан да үзіліс жасаңыз» деп, судья А.Шаяхметова 14-қарашаға дейін үзіліс жариялаған болатын.
Судья А.Шаяхметова 14-қарашада келген бойда «сіздердің Мекемтасқа қарсылық көрсетуге хақыларыңыз жоқ» деген қаулы шығарды-дағы, Мекемтас мырза осымен үшінші рет өз орнына қайтып келді. Жиналған жұрт не болғанын түсініп үлгере де алмай қалды...
Қорғаушы А.Құспан бұл жайлы былай деді: « – Судьяға қарсылық берілді дейік. Ол сот залынан кетуге мәжбүр. Басқа бір судья келіп, біздің не үшін бергенімізді сұрайды. Сол кезде біз өтінішімізді жазбаша түрде тапсырамыз және не үшін қарсылық білдіргеніміз жайлы түсіндіреміз, сұрақтарға жауап береміз, сөйтіп не үшін екенін дәлелдейміз. Сонда ғана «қарсылық жарияланды» деп саналады! Келген судья кеткен судьядан қарсылық не үшін берілгенін сұрауға хақысы жоқ, олай етсе екеуінің мүдделес екені білініп қалады! Ал, дәл кәзір судья Мекемтасқа не үшін қарсылық бергеніміздің себебі жайлы Шаяхметова ия ауызша, ия жазбаша бізден естіген жоқ, сонда қаулы шығару үшін кімнен естіді? Есқараевтың қандай қарсылық бергенін Мекемтастың өзінен естіп алып, қаулы шығарып келіп тұр! Сөйтіп, екеуінің мүдделес екенін көрсетіп қойды. Мен мынадай деңгейде заң бұзушылықты көріп, не айтарымды білмей, сөз таппай отырмын».
Құрметті Ғиззат мырза! Жоғарыда аталған эпизодтар бойынша Бас прокуратура өкілі, тергеуге, сотқа қатысушы прокурор С.Сүлейменовтің, сондай-ақ судьялар Қ.Мекемтас пен А.Шаяхметованың іс-әрекетінің заңдылығына баға беруіңізді өтінемін.
Сұрақтарға Сіз заңмен көрсетілген мерзімде, нақты да айқын жауап береді деп үміттенемін.
Алдын-ала алғысымызды білдіреміз.
Құрметпен,
Өмірзақ АҚЖІГІТ
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа ашық хат 2019 жылғы 7-қарашадағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев пен «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясының вице-президенті С.Түкиевке қатысты Астана қаласындаы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта өтіп жатқан кезекті сот отырысында судья Қ.Мекемтасқа И.Әбішевтің қорғаушысы М.Есқараев қарсылық білдірген болатын. Оның себебін де көрсеткен еді: «Біз сізге бұған дейін де екі рет қарсылық көрсеткен болатынбыз. Бірақ, бүгін сіздің 30 қыркүйектен бері біздің барлық өтініш-хаттарымызды қабылдамай келе жатқаныңызбен қоймай, бейтараптықты қамтамасыз етпей отырғаныңызға, сіздің айыптаушы жақтың мүддесіне жұмыс істеп отырғаныңызға анық көзіміз жетті. Сіз куә А.Шәймерденов өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнайы өтініш бермесе де, жай ауызша ғана айтса да, сіз оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырдыңыз. Бұл қойды қасқырға бақтырғанмен бірдей ғой! Неге Ішкі істер министрлігі бар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бар, солардың екеуінің біреуіне, бейтарап мекемелерге тапсырмай, істе мүдделі тарапққа тапсырасыз? Онымен де қоймадыңыз, сіз сол А.Шәймерденовтің қауіпсіздігі туралы қабылдаған қаулыңызда оны «қылмысты әрекеттерді әшкерелеуі барысында» деп сипаттап, бүйрегіңіздің қай жаққа бұратынын әзірден көрсетіп қойдыңыз. Сот тергеуі әлі біткен жоқ, соның ішінде А.Шәймерденовтен жауап алу да аяқталған жоқ, ал, сіз жаңағыдай мәлімдеме жасайсыз. Сондықтан, сіз бұл сотқа төрағалық ете алмайсыз». Қ.Мекемтастың орнына келген судья А.Шаяхметова «судья Мекемтасқа қарсылық білдірген кім?» деп сұрады. «Мен» деп орнынан тұрған қорғаушы М.Есқараевқа «неге қарсылық білдіргеніңізді түсіндіріңіз» дегенде, ол: « – Мен неге судья Мекемтасқа қарсылық білдіргенімді айтпастан бұрын, сіздің өзіңізге қарсылық білдіремін», – деп жауап беруден бас тартты. Судья Шаяхметова: « – Сіздің маған қарсылық білдіруге құқығыңыз жоқ!» деді. « – Неге жоқ? ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 87-бабында бұл жайлы толық жазылған» деген қорғаушы аталған бапты дауыстап оқып берді. « – Құрметті сот, көрдіңіз ғой, мен 87-бапты толық оқып шықтым. Ол дәлме-дәл, сөзбе-сөз түсіндірілетін, орысша айтқанда буквально толковаться етілетін заң. Біз соған сүйеніп, сізге қарсылық білдіріп отырмыз». Судья, бәрібір, нақты заң бабына да тоқтаған жоқ. М.Есқараев тағы да әрекет жасады: «Сіз бұған дейін екі рет судья Мекемтасқа қарсылық білдіргенімізді қарағансыз. Екеуін де қанағаттандырған жоқсыз. Қаулы шығарған кезіңізде прокурордың аты-жөнін дұрыс айтпағансыз, сот құрамын дұрыс айтпағансыз, біз, Жүнісбаев екеуміздің атымызды атаған да жоқсыз. Сіз сот құрамын қате жариялағаныңыз үшін ертең апелляциялық сатыда судья Мекемтас жүргізген осы сот процесі тұтастай «заңсыз» деп танылуы мүмкін. Біз соны көрсетіп, кейін шағым жазамыз деп айтқанбыз. Ол ол ма, сіз сол қаулыңызды сайтқа салған кезіңізде, қатеңіздің бәрін өндеп қойыпсыз. Бірақ, сіздің оқыған қаулыңыздың тексті сот залындағы аудиовидео таспаға жазылып қалды ғой! Осылайша бір қаулыны екі түрлі етіп беріп отырған судьяға біз не үшін сенуіміз керек? Біз оған қалай қарсылық бермей тұра аламыз?!» деген қорғаушы Есқараевтың пікірін, әріптестерінің оны түгелдей қолдағанын көре тұра А.Шаяхметова сот отырысын ары қарай жалғастырмақшы болды. Осы кезде қоғамдық қорғаушы М.Түкеев сөз сұрады: «Кешіріңіз, құрметті сот, бірақ, сіз заңды бұзып жатырсыз! Сізге қарсылық білдірген кезде сіз бұл жерден кетуге тиіссіз! Сіздің орныңызға басқа судья келуі, сот отырысын ары қарай сіз жүргізесіз бе, басқа бір судья жүргізе ме, сол шешуі тиіс! Бұл – заң талабы!» Дау бітпей, кешкі сағат 8-ге жақындағанда «біз алдымен сіздің өзіңіз жайлы сұрақты шешіп алайық» деген прокурор С.Сүлейменовтің ұсынысынан кейін, судья 9.11.2019 күні таңертеңге дейін үзіліс жариялады. Ертесіне қорғаушы М.Есқараев: « – Кеше осы жерде жарты күн дауластық – ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің «Судьяға қарсылық бiлдiру» туралы 87-бабына сәйкес біз сізге қарсылық білдіре аламыз ба, білдіре алмаймыз ба? Біз осы бапқа сүйеніп «білдіре аламыз», – дедік, сіз оны мойындамадыңыз. «Қорғаушы судьяға қарсылық білдіре алмайды» деп заңда нақты көрсетілмегеннен кейін, біз олай етуге хақымыз бар деп білеміз. Аталған кодекстің 87-бабын айтпағанның өзінде, оның «Кінәсіздік презумпциясы» туралы 19-бабының 3-бөлімінде былай деп жазылған: «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс». Ендеше, сіз біздің өзіңізге қарсылық көрсете алатынымызды мойындаңыз, біздің судья Қ.Мекемтасқа берген қарсылығымызды басқа судья қарауын өтінеміз». Судья сотты жалғастыра бермек еді, қорғаушы М.Есқараев «мен сіздің үстіңізден ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановқа арыз жаздым, мен сол арызға жауап келгенше сізге жауап бермеймін, одан да үзіліс жасаңыз», – деп, судья А.Шаяхметова 14-қарашаға дейін үзіліс жариялаған болатын. Судья А.Шаяхметова 14-қарашада келген бойда «Сіздердің Мекемтасқа қарсылық көрсетуге хақыларыңыз жоқ» деген қаулы шығарды-дағы, Мекемтас мырза осымен үшінші рет өз орнына қайтып келді. Жиналған жұрт не болғанын түсініп үлгере де алмай қалды... Қорғаушы А.Құспан бұл жайлы былай деді: « – Судьяға қарсылық берілді дейік. Ол сот залынан кетуге мәжбүр. Басқа бір судья келіп, біздің не үшін бергенімізді сұрайды. Сол кезде біз өтінішімізді жазбаша түрде тапсырамыз және не үшін қарсылық білдіргеніміз жайлы түсіндіреміз, сұрақтарға жауап береміз, сөйтіп не үшін екенін дәлелдейміз. Сонда ғана «қарсылық жарияланды» деп саналады! Келген судья кеткен судьядан қарсылық не үшін берілгенін сұрауға хақысы жоқ, олай етсе екеуінің мүдделес екені білініп қалады! Ал, дәл кәзір судья Мекемтасқа не үшін қарсылық бергеніміздің себебі жайлы Шаяхметова ия ауызша, ия жазбаша бізден естіген жоқ, сонда қаулы шығару үшін кімнен естіді? Есқараевтың қандай қарсылық бергенін Мекемтастың өзінен естіп алып, қаулы шығарып келіп тұр! Сөйтіп, екеуінің мүдделес екенін көрсетіп қойды. Мен мынадай деңгейде заң бұзушылықты көріп, не айтарымды білмей, сөз таппай отырмын». Құрметті Төраға! 1.Қорғаушылар судья А.Шаяхметоваға қарсылық білдіре ала ма, білдіре алмай ма? 2.Судья Қ.Мекемтас пен А.Шаяхметованың жоғарыда аталған эпизодтардағы, оның ішінде судья А.Шаяхметованың қорғаушылардың Қ.Мекемтасқа қарсылық білдіруге негізі жоқтығы жөніндегі іс-әрекеттері қаншалықты заңды? 3.Сіз жақында ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевпен кездесуіңізде «Алдағы 2,5 жыл ішінде сот жүйесі біліксіз (некомпетентный) судьялардан тазартылады» деген уәдеңіз жайлы ақпаратты Тенгри.нюс сайты жариялады. Судьялар Қ.Мекемтас пен А.Шаяхметова «біліксіз» деп таныла ма? Танылса, олар қанша уақыттан кейін сот жүйесінен кетеді? Жақын арада ма, жоқ жалпы 2,5 жыл ішінде ме? Сұрақтарға Сіз заңмен көрсетілген мерзімде, нақты да айқын жауап береді деп үміттенеміз. Алдын-ала алғысымызды білдіреміз. Құрметпен, Өмірзақ Ақжігіт qazaquni.kz