Оңтүстік Қазақстанда мұнай табылды
2019 ж. 19 қараша
2910
0
Қазақстанның оңтүстік аймағында боксит кен орнын іздестіру барысында мұнай табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұнай қоры Түркістан облысына қарасты Шоқпақ аумағында орналасқан Үлкен Қаратау шұңғымасында табылыпты. Бұл аймақта бірінші рет "қара алтын" қоры анықталған.
«Іздестіру-түсірілімділік тобы Үлкен Қаратауда орналасқан Леонтьев шұңғымасында боксит пен онымен байланысты қорғасын, цинк және т.б. пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін іздестіру жұмыстарымен айналысқан. Осы мақсатта 300 метрдей тереңдікте жер қазылған. Отыз тоғыз ойылған шұңқырлардың он бірінен сұйық-тамшылы қоңыр түсті мұнай қоры табылды», - делінген экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз-қызметінің мәлімдемесінде.
Сонымен қатар хабарламада Шоқпақта табылған мұнай қазбаларының табылуы алдағы уақытта Шу-Сарысу және Сырдария шұңғымаларында мұнай қорын болжауға үлкен септігін тигізеді делінген.
Бұған дейін Шу-Сарысу шұңғымасында майда табиғи газ қоры табылған еді. Қазір бұл жерлерден мұнай іздестіру қолға алынатын болады. Ал Түркістан облысындағы қазба жұмыстары әлі жалғасуда.