Ажырасқандар саны артып барады
2019 ж. 18 қараша
2237
0
Елімізде күн сайын 150 отбасының шаңырағы шайқалады. Ал бір жылда 400-ге жуық әйел үйдегі ұрыс-керістің кесірінен қаза тапса, балалардың 75 пайызы психологиялық және күш қолдану салдарынан зардап шегетін көрінеді.
Осылай деп дабыл қаққан қоғамдық ұйымдар енді жаңа жоба бойынша жұмыс жүргізуде. «Өнеге» жобасы – ажырасу мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, психологиялық күйзеліске ұшыраған отбасыларға кеңес беру бағытында қызмет етеді. Азамат Жаманшинов, «Өнеге» жобасының басшысы: – Бұл жобаның маңыздылығы – жүйелілігінде. Бұл мемлекеттің отбасыларға жасап жатқан ең жүйелі қадамы, көмегі. Бізде әр облыста бір ғана орталық бар. Оның өзі аз. Алдағы уақытта әр ауданнан ашсақ деген жоспар бар. Бүгінде халық игілігіне жұмыс істеп жүрген жоба жетекшілері отбасыларға мыңға тарта ақыл-кеңес өткізген. Нәтижесінде, 250-ге жуық ерлі-зайыпты некесін сақтап қалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – отбасының қоғамдағы орнын қалыптастыру, берекесін келтіріп, баласын қорғау. Ажырасудың ең басты себебін тұрмыс тауқыметімен байланыстырып отыр.
qazaquni.kz