"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жолдағы дәретханаларды сынады
2019 ж. 15 қараша
2298
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі туризмнің мәз емес жағдайына тоқталды. Осы орайда, ол жұмысты, алдымен, дәретханалардан бастау керегін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Біз әрдайым Ақмола облысының табиғи-рекреациялық ресурстар мен мәдени мұра нысандарына бай екенін жиі айтамыз. Алайда оның туристік әлеуеті толықтай ашылмады», - деді президент.
Тоқаев бүгінгі таңдағы ЖӨӨ-дегі туризм саласының үлесі 0,5%-тен аспайтынын айтты. Бұдан өзге аталған саланың артта қалуына әсер етуші нақты факторлардың бар екеніне тоқталды.
«Егер ең қажетті – жолдағы дәретханаларды ретке келтіре алмасақ, қандай қызмет көрсету сапасы туралы айтамыз? Оның қорқынышты жағдайы туралы жалқаулар ғана айтпаған шығар», - деп қорытты сөзін мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларының баяу жүзеге асуын сынаған болатын.