РЕСЕЙДЕ «КАЗАШКАЛАР» ЖОҒАЛУДА…

4
2582


 

Бүгінде Ресейдің ең бір іргелі аймағының бірі болып отырған Орынбор уәләяты әділеттікке жүгінер болсақ, қазақ халқының атамекені, яғни, қазақ жері. Осы аймақтағы Астрахань (Хажы Тархан), Орск (Жаманқала) түп-түгел біздің ата-бабамыздың қонысы болған десең, оны бірде-бір орыс жоқ дей алмайды. Сол қасиетті атақоныстан айрылғанда
«…Еділдің бойы қанды қиян
Жайықтың бойы майлы қиян
адыра қалған үш қиян» деп Мұрат Мөңкеұлы күңіренткен бір қиян,

Жалпылдаған жас тайлақ
Жардай атан болған жер
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер, – деп Қазтуған жоқтаған,

Әттең, дүние қайтейін,
Сарыарқаның даласы-ай
Ашалы тоғай ағашы-ай,
Шер шемендей қайнайды-ау
Көкіректің санасы-ай
Санасыз болып барасың
Сары қазақтың баласы-ай, –дегізіп Есенгелді Ақпан жырауға да зар жырын төккізген ұлан-ғайыр аймақ осы. Қазақтар бұрын Сарыарқа деп мына шеті Атырау, мына жағы Ақтөбе, Орал, Орынбор аймағын, қысқасы Ресей мен арқалас осы ұлан-ғайыр өлкені айтқан. Күні бүгінге шейін кей тарихшылар баяғы Ресей саясатының ыңғайымен жазылған тарихтың шырмауынан шыға алмауының кесірінен әділ бағасын ала-алмай жүрген Әбілхайыр ханның артында бұл өлке туралы «Еділ мен Жайықтан айрылса, қазақ ел болмай қалады, бәрінен айрылады» деген ескерту сөзі қалған. Солай бола тұра…
Иә, солай бола тұра, Қазақстан Ресейден азаттық алдық деп 20 жыл бойы қысы-жазы той-тойлағанда осының бірін ауызға алған жоқпыз. Ресеймен шекарамызды белгілеп жатқанда да бұл Орынбор өңірі ықылым заманнан бері қазақтың атамекені еді ғой деген сыңар ауыз сөз айтылған жоқ. Мүмкін бұл да біздің басшылардың «өспейтін жігіт өнбейтін дауды даулайды», «өспейтін бала иткөсік қазады», өткенді қозғап қайтеміз» деген көрегендік саясаты шығар. Ол да дұрыс дейік. Бірақ сол ата мекенінде жат елдің – Ресейдің құзырында қалып қойған бауырларымыздың бүгінгі тұрмыс-тіршілігі, қандай? Олардың тіл, дін, ата-баба салт-дәстүрі, ұлттық мәдениеті, өнері, жазу-сызуы сияқты ең басты-басты ұлттық ерекшеліктері қаз-қалпында сақталып отыр ма? Оларға арналып Ресейде қазақ мектептері, қазақ балабақшалары ашылған ба?
Жоқ болса, неге олай? Бұның бәрі бүгінде біздің қазақша газет-журналдар мен телеарналардың айтуынша тұлабойына орасан зор күш-қуат толып, Астанасының сұлулығына бүкіл әлем қала көрмегендей қайран қалып, әншілері мен бишілері, спортшылары әр барып келген сайын Еуропа мен Американың аузын аштырып, көзін жұмдырып келіп жатқан алып Қазақстанның басты мәселесінің бірі болуы керек еді. Өйткені, біз өз жерімізде кейде 130, қаттырақ кірісіп кеткенде 140 ұлттың басын біріктіріп, бәрін бір әке, бір шешеден туғандай күтіп-баптап отырған және тышқан мұрнын қанатпайтын бейбітшілдігіміз айдай әлемге үлгі-өнеге болып отырған елміз. Біз бұл үлгі-өнегені ең әуелі көрші Ресейге үйретуіміз керек. өйткені, Ресейде бәрі керісінше! Ресейдің қазақтар шоғырланған бірде-бір облысында бірде-бір қазақ мектебі жоқ. Бұған сәл кейінірек тоқталамыз.
Ең сұмдығы мынау. Жақында Орынбор облысында шығатын, «Бәйтерек» деген атауы қазақша, негізінен орыс тілді газеттен «На востоке Оренбуржья без вести пропадают казашки» деген мақалаға көзім түсті. Авторлары Онгар Муканов, Мереке Ульманов деген азаматтар («Бәйтерек». Культурно-просветительская газета Оренбургской области. 2011 ноябрь №21). Ресейдің жоғары оқу орындарында оқып жатқан талай-талай қазақ қыз-жігіттерінің соққыға жығылғаны, өлтірілгені туралы баспасөзден талай-талай оқығанымыз бар. Тіпті, осыдан бірер жыл бұрын Санкт-Петербургтің көшесінде қазақша сөйлесіп бара жатқаны үшін қос қазақ қызының бірі өлтіріліп, екіншісі өлім аузынан қалғанын да білеміз. Осы уақиғалардың бірде-бірі үшін бірде-бір ресейлік қылмыскердің жазаланғанын да естіген емеспіз.
Ал Қазақстан басшылығы, яки Сыртқы істер уәзрияты (министрлігі) мұндайда Ресейге наразылық нотасын жолдап, уақиғаның мән-жайын түсіндіруін және қылмыскерлердің қатаң жазаға тартылуын талап етіп, ресми мәлімдеме жасауға міндетті. Ол мәлімдеме баспасөз бетінде жарияланып, теледидардан хабарлануы керек. Оның бірде-бірі жасалған жоқ. Қазақстан жағы мұндайда ылғи бұғып қалумен келеді.
Енді міне… Орынбор облысында қазақ қыздары із-түзсіз жоғалып кететін «кесел» шықты. Аталмыш газеттің берген бір мәліметіне қарағанда бір 2009 жылдың бірнеше айында 15 пен 30 жас арасындағы 29 әйел жыныстыларға іздеу салынған. Оған осы уәләяттың (облыс деп жүрміз ғой!) құқық қорғаушыларының берген жауабы «Олардың қайда екені туралы ұзақ уақыт еш фактінің болмауы бұл азаматшаларға қылмысты істер жасалған деуге келіңкірейді»– деп түйінделеді. Газеттен тағы бір үзінді: «Бүгінге дейін жоғалып кеткен 23 әйелдің із-түзі жоқ. Олардың 10-ы Орынбордың күншығыс бетінде жүріп жоғалған. Полициядан түскен мағлұматтарға қарасақ, облыстың шығыс аудандарында негізінен жас қазақ қыздары жоғалып кетуде.
Осы өткен жазда Новоорск ауданынынң Бадамша ауылынан 22 жасар Айжан Үркімбаева ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Ол Жаманқаладан (Орскіден) Новоорскіге келе жатқан. Дамбар (Домбаровка) ауылынан Гүлбарам деген енді ғана мектеп бітірген қыз баладан үш жылдан бері хабар жоқ.
Биылғы қыркүйектің басында Новоорск ауданындағы Тасбұлақ ауылының 20 жасар тұрғыны Гөзел Қалтаева Орск қаласына барып ғайып болды. Гөзел өткен жазда осы қаладағы № 21-лицейді тәмамдаған, енді қыркүйектің орта тұсында Новотройцкідегі банкке қассашы болып жұмысқа ораналасқалы жүр еді. Сол күні ол Орскідегі құрбысының туған күнін тойлауға қатысыпты. Туған апасы Махаббат Қалтаева ол маршруттық таксимен үйге қайтқалы жатқанын айтып хабарласқан еді, сосын телефон үзіліп кетті дейді. Гөзелдің бірге болған құрбылары бұл туралы ешнәрсе айта алмайды, ал полициядағылар тексерудеміз, іздеудеміз дегеннен әрі аса алмауда. Енді біреулердің айтуынша қыздарды көршілес Қазақстанға секс-күң ретінде сатумен айналысатын банда ұйымы бар-мыс? Олай дейін десек, егер ол қазақ қыздары Қазақстанда жүрсе, мына тұрған Орынбордағы ата-анасына, тума-туыстарына сонша уақыттан бері бір хабар бере алмауы еш мүмкін емес. Дұрысы, оларды азиялық қыздарды таңсық көретін ресейлік, еуропалықтарға сатады деуге келіңкірейді. Немесе қазір Ресейде не көп, «Россия только для русских» деп шулатып жүргендер көп, олардың бұл қыздарды не істегенін бір Өзі біледі. Ресейде жүрген өзге ұлт өкілдерін ұрып-соғып, өлтіріп кеткендердің ұсталғандарының өзі ақталып, еш жазаға тартылмай құтылып кететінін баспасөзден талай оқығанбыз да, естігенбіз де. Ендеше, ұшты-күйлі жоғалып кеткен қазақ қыздарының ешбірінің табылмауы үлкен күдік тудырады. Тіпті, Орынбор уәлаятының прокуроры Игорь Ткачевтің өзі бұл бағыттағы жұмыстар өте баяу, тиімсіз жүргізіліп жатқанын айтады. Ол: Ішкі істер органдарының жоғалған қыздарды іздестіру бойынша жүргізуге тиісті жұмыстары өте төмен деңгейде,–деп батыра айтады. – Көп жағдайда іздестіру шаралары қылмыстың бастауын іздестіруден басталады да аяғы сұйылып кетеді. Құқық қорғау қызметкерлері хабарсыз кеткендерді іздеуді табандылықпен, аяғына шейін жүргізбейді, – дейді ол.
Осындайда еске түседі, бұдан біраз жыл бұрын Өскеменде түнде мас болып келе жатқан екі орысты біреулер соққыға жығып кетеді. Соны естіп қалған Мәскеудің мэрі Лужков дереу Қазақстанның Елбасы Н.Назарбаевқа наразылық мәлімдеме жасағаны есімізде. Өткен жылы Қазақстанда тұратын бір-екі орыс біресе зейнетақымыз өте аз, біресе тұрмысым нашар дей келіп, бүйте берсеңдер Мәскеуге, Путинге айтамын деп теледидардан, баспасөз бетінен қоқан-лоққы жасағанын көрдік. Бұлар Қазақстан азаматтары. Сөйте тұра, Мәскеуді айтып айбат шегуі өздері отын оттап, суын ішіп отырған Қазақстанға айбат шегуі нені білдіреді? Осының өзі Қазақстанның Ресейден азаттық алғанына күмән келтіру емес пе? Міне, осының бәрі ойланатұғын жәйт. Ең алдымен Қазақстан басшылары ойланатын нәрсе. Амал не. «…Сана- сыз болып барасың, Сары қазақтың баласы-ай, өз баласын жем қылған, Билердің аузы аласы-ай,–деп Есенгелді Ақпан жырау қазақтың бүгінгі атқа мінгендерін айтып кеткен-ау» дейді де қоя салады қазекең. Басымызды көтерейік, ұлт болып біз де бір сілкінейік деген ниет жоқ. Айтатыны «Елімізде тыныштық!» Ал ол ел тек қазақтікі емес, жан-жақтан келгендердің бәріне ортақ, «Казахстан – наш общий дом» деген ұранның неге күн сайын қайталанып жатқанымен де жұмысы жоқ, бүгінгі қазақтардың.
Иә, Ресейде қазақ мектебі дерліктей мектеп те жоқ, 16 миллионға жуық қана халық тұратын Қазақстан халқының 9 миллионнан астамы қазақ. Ал орыс мектептері қазақ мектептерінен әлдеқайда көп. Телеарналардың түгелге жуығы Ресейге сатылған. Оларда қазақ тілінде там-тұмдап берілетін хабарлар жұрт үйінде жоқ кезде, яғни, күндіз жұмыста жүргенде, жұмыс аяғында не түн ортасы ауғанда беріледі. Ал Ресейдің қазақтар көп тұратын аймақтарының өзінде не бірде-бір телеарна, не радио бір минут та қазақша хабар бермейді. Орынбордағы «Возрождение» деп аталатын уәләяттық неміс қоғамының төрағасы Леонид Райзих былай дейді: «Біздің ұйымда ресейлік немістерге көмек көрсетіп отыратын федералдық мақсаткерлік бағдарлама бар. Ал Германия бізге берілуге тиісті ең бірінші көмек неміс тілін өркендету деп есептейді. Тіл мәселесі әрқашанда бірінші орында. Біз тілге неліктен мұншалықты зор маңыз береміз. Өйткені, тіл – ұлттың басты ерекшелігі!»–дейді ол. Ал Ресейден азаттық алғанының 20 жылдығын тойлап өткен Қазақстан шетелдегі қандастарына осылай жанашырлық жасамақ түгіл, мемлекеттік тіл қазақ тілінің өз еліндегі жағдайын көзіміз көріп отыр. Ресейде із-түзсіз жоғалып кетіп жатқан қаракөз қыздарымызды жоқтамақ түгіл, біресе «Оралмандар елімізге ешнәрсе берген жоқ»,–деп, біресе, «оларды ұрғаным бар» деп өз етегімізді өзіміз ашып отырысымызды қазақтың жауынан басқа ешкім құптай қоймас!

Мырзан КЕНЖЕБАЙ, Маса.кз

4 ПІКІРЛЕР

  1. Шошқаның етін жеп өскен қазақтарды еш жерде де билікке жіберуге болмайды. Жоғары жаққа осындай талап қойған дұрыс, соны журналистер жария етіп жазулары керек. Шошқа етін жеген қазақ қазақ емес, ол оңбайды. Руза дұрыс айтады, суретті алып тастағандарың дұрыс. Жиіркенішті. Заң деген бар, басқаша болса қазақтың рухын таптағанның бәрін атып тастар едім, шыбын құрлы көрмей. Бектас

  2. мен ана шешен, дағыстан, ингуш ұлдарын қатты ризамын. Орыстың Мәскеу, Петербург қалаларында орыстарды менттерімен қосып қойып сабағанын ютуб сайтынан көруге болады. Жақында шошқадай орысты бір соққымен ұрып өлтірген Расул Мирзаев деген дағыстандық бостандыққа шықты. ол тіпті адам өлтіргені ушін сотталғанда жоқ!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз