Лев Пономарев: ОРЫС ФАШИЗМІ ОЙДАН ШЫҒАРЫЛМАҒАН, ОЛ ХАЛЫҚТЫҢ ОЙ-САНАСЫНДА БАР...

Ғаламторды ресейлік саясат серкелерінің, бизнесмендердің, журналистердің өз халқына қатысты айтқан «қанатты сөздерінің» жиынтығы шарлап кетті. Оқи отырып жағаңызды ұстайсыз, осындай тұлғаларға тізгін ұстатқан халықты аяйсыз, енді бірде орыстардан шошынасыз. Ақиқатын ашық көрсеткені үшін айызың қанатын жерлері де бар. Өз халқын өлердей сүйген әрі аяусыз сынаған біреу болса, ол – Петр Чаадаев. Бірақ Чаадаевтың өзі көпшілігін көзі тірісінде айтпай, күнделігіне ғана жазып кетіпті. Төменде «бейбіт заманның Чаадаевы» атанғысы келіп жүргендердің сөздерін келтірдік. Анатолий Чубайс: Сіз неге ол адамдар үшін бас қатырасыз?! Жарайды, отыз миллионы қырылып-ақ қалсын. Демек, олар нарыққа икемделе алмаған. Бұл туралы ойламай-ақ қойыңыз, өлсе – орнына басқалар өсіп шығады. * * * Достоевскийді бастан аяқ оқып шықтым, оған деген жеккөрінішім шексіз. Достоевскийдің орыстар – ерекше, құдайдың назары түскен халық деген ойларын оқыған кезде, кітаптарын күл-парша етіп жыртып жастағым келеді. Владимир Познер: Мен орыс емеспін, бұл менің Отаным емес, мен бұл жерде өз үйімдегідей сезіне алмаймын. Валерий Новодровский: Орыстарды еуропалық мәдениетке жіберуге болмайды. Олардың орны босағада. Бейшара, рухани жағынан жетілмеген, қорқақтар босағада күн кешеді, ондайлардың ешқандай құқы болмайды. Орыстарға құқық берер болсақ, бүкіл адамзаттың деңгейі төмендеп кетеді. * * * Ресей өлетін болса, өз басым оған еш қарсылығым жоқ. Владимир Буковский: «Ресейдің ықпалы жүретін аймақ» деген түсінікті саяси сөздіктен шығарып тастайтын уақыт жетті. * * * Путин-маладес!. Басқалар Ресей қанша бөлікке бөлініп, бытырап кетер екен деп бас қатырып жүргенде, ол жеті аймақты құрды. Енді біз бұл елдің неше бөлікке бөлінетінін білетін болдық. Валерий Панюшкин: Орыс халқы жойылып кетсе, жер бетіндегі халықтардың өмір сүруі жеңілдер еді. * * * Мен – орыспын, біздің халықтың қазіргі тірлігі құтырған иттің кейпін елестетеді. Құтырған иттің үш күн, көп болса жеті күн өмірі қалды. Бірақ ол оны білмейді. Көзіне түскеннің бәріне бас салады, сілекейін жағады. Лев Пономарев: Орыс фашизмі – ойдан шығарылған нәрсе емес, ол халықтың ой-санасында бар. Елена Хейдиз: Менің қауқарсыз адамдарға жыным келеді, қауқарсыз орыстарды көрсем жүрегім айниды. Олардың құрғақ сөз бен «өздерінің ұлылығы» туралы даңғойлықтан басқа нәрсе қолдарынан келмейді. Олег Кашин: Сібір Ресейден бөлініп, жеке мемлекет болып кеткен кезде адамдар Ресейдің шекарасынан визасыз өте беретін болады деп үміттенемін.

 Әзірлеген Арнұр АСҚАР

Нұр Астана